Сурдлимпиада күнделігі: Еркін күрестен 5 медаль

Сурдлимпиада күнделігі:  Еркін күрестен 5 медаль

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы: «Бразилияда өтіп жатқан XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен  қазақстандық балуандар қанжығаға 5 медаль байлады.Оның 1-еуі – алтын, 3-еуі – күміс, тағы 1-еуі – қола», – деп хабарлайды. Алтын медальды 125 келі салмақта өнер көрсеткен Хайратхаан Шонку жеңіп алды. Биылғы Сурдлимпиада ойындарында Хайратхаанның бұл екінші алтын жүлдесі. Осыған дейін ол грек-рим күресінде 130 келі салмақта сынға түсіп, ақтық финалда түрік палуаны Мехмет Юсалды айқын басымдылықпен ұтқан-ды. Осы күрес түрінен Асылан Тажиев (97 кг) күмісті еншілесе, Нуржан Асан (77 кг) мен Алдияр Балташев (60 кг) қола медальға қол жеткізген.  Ал, еркін күрес түрінен алтын алған Х.Шонкуден басқа, Ғабит Есжанов (57  кг),  Сабыржан Рсалы (70 кг) және Ғасыр Тұрғынбай (74 кг) күміс жүлдені иеленсе, Бексұлтан Малайдар (92 кг) қола медальға қол жеткізді. Ал, Шадияр Пернеш (60 кг) пен Мухтар Есенғосұлы  (97 кг) бесінші орыннан көрінді. Сондай-ақ, әйелдер арасында 4х400 метрлік қашықтықта эстафетада өнер көрсеткен қазақстандық атлеттер  Фаина Меирманова, Ольга Хижнякова, Яна Сибирякова және Елена Путинцева 4 орыннан көрінді. Биіктікке секіруден сыңға түскен Фаина Меирманова 159 см нәтижесімен 5 орынға ие болды. Бұған дейін атап өткеніміздей, Сурдлимпиаданың алғашқы алтынын құрама қоржынына жеңіл атлет Фархад Қыстаубаев салған еді. Ол онсайыста 5400 ұпай жинап, Қазақстан үшін алғашқы алтынды жеңіп алған. Фархад бұдан басқа 110 метрге кедергімен жүгіруде қола медальға қол жеткізген.  Ал, жерлес аруымыз Ольга Хижнякова жеңіл атлетикада ядро лақтыруда күміс медальды еншілеген. Қазақстандық таеквондошы Виктор Фрундин +80 келі салмақта қола медальға қол созған. Ал қыздар арасында таеквондошы қызымыз Аида Макатова 67 келіде 5 орыннан көрінген. Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан Сурдлимпиада ойындары 15 мамырда өз мәресіне жетті. 

Ермек Сахариев
19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 72
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 129
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 54
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 44

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 349
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6454
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8163
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6534
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6669