Шығармашылық «Постер» байқауының жеңімпаздары

Шығармашылық «Постер»  байқауының жеңімпаздары

Өткен аптада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Физика Техникалық факультетінде шет тілі пәні бойынша «Постер» шығармашылық байқауы өткізілді.

Бұл «Постер» байқауын «техникалық физика, теориялық ядролық физика, жылу энергетикасы және ядролық медицина» мамандықтарының 1-курс магистрант студенттері мен «Шет тілдер» кафедрасының оқытушысы Г.Б.Қыдырбаева «The sphere where I can use my knowledge» тақырыбында ұйымдастырды.

Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- магистранттардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту;

- сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, магистранттарды қолдау үшін қажетті жағдай жасап, ағылшын тілінде пікір алмасып, ағылшын тіліне дағдыландыру;

- магистранттардың тілге деген қызығушылықтары мен тілдік қабілеттерін жан-жақты дамыту; оқу және кәсіби мотивация деңгейін арттыру;

Топтарға бөлінген магистрант студенттер бұл тақырыпқа зор қызығушылық пен дайындықтарын көрсете білді. 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген шетелдік магистранттар да бұл байқауға қатысып, іс-шара туралы өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылық және әлеуметтік маңызы бойынша шығармашылық жұмыстар байқауы өте жоғары деңгейде өткізілді. 

 

Г.Б.ҚЫДЫРБАЕВА, Шет тілдер пәнінің оқытушысы
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1602
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7637
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11517
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7679
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7836