ТАҒЗЫМ

ТАҒЗЫМ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Еске алу шарасына соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтары мен туыстары, облыс тұрғындары жиналды.

Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың, қоғамдық кеңестің төрағалары, Тараз қаласының әкімі, құзырлы орган, зиялы қауым және этномәдени бірлестік өкілдері де қатысты.

Жиналғандар майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының тарихынан сыр шертетін «Даңқ» залындағы тарихи жәдігерлермен танысты.

Айта кетейік, «Данқ» залы соғыс жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. 

Ғимаратта 1 миллион 500 мыңнан астам фотошежірелер топтастырылған. Залдың 1941, 1942, 1943, 1944 және 1945 жылдарға арналған қабырғаларындағы суреттерде сол кезеңдегі соғыс көріністері бейнеленген.

Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
09.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1606
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7641
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11520
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7683
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7840