Тасқын қаупі сейілмей тұр

Тасқын қаупі сейілмей тұр

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі әлі де жоғары. Бұл туралы күнделікті жауапты мамандар дабыл қағып, тілсіз жаудан қорғану алгоритмдерін түсіндіруде. 

 

Облыстық ТЖД мамандарының хабарлауынша, қарғын судың салдарынан өңірде 10 елді мекенге қатынас үзілген. 

 

 

“Күні бүгінге дейін өңірдегі 581 үй мен олардың аулаларын, бұлардан бөлек 245 ауланы, саяжайлардағы 427 үйді су басса, ал автожолдардағы 70 учаскеден су өтіп, 60 учаскесін су шайып кетті” деп мәлімдеді төтеншеліктер. Қазіргі уақытта облыс аумағы мен Орал қаласында, төрт ауданда енгізілген төтенше жағдай режимі сол күйі өзгеріссіз. Сонымен қатар қауіпсізге жерге көшірілген 7 мыңнан аса тұрғынның жартысы - балалар. 

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев журналистерге  берген сұқбатында Жайық өзенінің деңгейі биыл шамадан тыс 10 метрге дейін көтерілуі күтілетінін айтты. Осыған байланысты өзен жағасындағы бөгеттерді биіктету, су тасқыны қаупі бар аумақтарда қорғанысты күшейту жұмыстары жүргізілуде. 

 

 

Бұл іс-шараларға ерікті түрде тұрғындар да тартылуда. Кеше облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңір жұртшылығына үндеу жариялап, су тасқынының екінші кезеңі басталғанын хабарлап: - Облысымызға жақын Ресейдің Саратов және Орынбор облыстарындағы су қоймаларынан көп мөлшерде су жіберілуде. Бұл 30 жыл бұрын болған жағдайдан да күрделі, - деген болатын. Сондай-ақ жерлестерімізді сын сағатта сабыр сақтап, тек ресми мәліметтерге ғана сенулерін өтінді. 

Ескерту: суреттер "Жайық пресс" сайтынан алынды.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы

08.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 38
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 44
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 32

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1575
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7610
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11488
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7653
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7813