«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АРЫСТЫҚ АЗАМАТ КӨШЕСІН АДАМ ТАНЫМАСТАЙ ЕТІП ӘСЕМДЕГЕН

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АРЫСТЫҚ АЗАМАТ КӨШЕСІН АДАМ ТАНЫМАСТАЙ ЕТІП ӘСЕМДЕГЕН
Арыс қаласында А.Байтұрсынов көшесінің тұрғындары «Таза өлке» акциясы аясында өздері тұратын көшені абаттандырып қойған. Игі бастамаға аталған көшенің тұрғыны, белгілі кәсіпкер Азамат Байбосынов мұрындық болып отыр. Кәсіпкер өз қаржысына 12 дана түнгі жарықшам бағандарын орнатып, жұрттың алғысына кенелген.
Ал бұған дейін, өз қаржысына бойы 2 метрден асатын 120 түп қара тал, 3000 түп бұталы ағаш (живой изгородь), 200 түп роза көшеттерін сатып алған. Жасыл желекті көршілерімен бірге отырғызып қойған. Және әр тұрғын өз үйі іргесіндегі тал-дарақтарды тұрақты түрде күтіп-баптауда. Бұдан бөлек, адам көп жүретін көше болғандықтан қоқыс жәшіктерін де орнатыпты.
–Бұл идея менің бала кезгі арманым болатын. Жарық және таза, үлгілі көшеде тұру деген. Мен ынтымағы жарасқан көршілеріме алғысымды айтамын. Биыл қала әкімі бастамасымен өтетін жылдағы үлгілі көше атануға қатысу ойымызда бар, – дейді Азамат Шералыұлы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
12.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 39
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 44
СОЗАҚТА БАЛЫҚ ӨСІРУДІ  ЖОЛҒА ҚОЙҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 32

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1576
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7611
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11489
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7654
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7814