ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨПҚАБАТТЫ АРЕНДАЛЫҚ ҮЙЛЕР САЛУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨПҚАБАТТЫ АРЕНДАЛЫҚ ҮЙЛЕР САЛУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Өткен жылы 900 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті қадағалауына алынған.
Бүгін облыс әкімдігінде арендалық тұрғын үй салу бағытындағы мәселелер талқыланды. Оған жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты. Өңір басшысы тұрғын үйлерді салуда қатаң тәртіп, жүйе болуы керектігін ескертті.
– Тұрғын үй саласы халқымыз үшін өте өзекті мәселе екенін білесіздер. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жауапкершілікпен атқару керек. Әр аудан, қаланың халық саны, жер ерекшелігі ескеріліп, құрылысы соған сай жүргізілсін. Көпқабатты үйлерді әр ауылға немесе аймаққа шашыратпай, инфрақұрылымын реттеп, бір аумаққа шоғырландыру қажет. Үйлердің сәулеті біркелкі болғаны жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
Бүгінде республика бойынша 650 мыңға жуық, ал Түркістан облысын бойынша 60 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің айтуынша, елімізде арендалық үйлерді сатып алу механизмі жасалып, тиісті жоспарлар белгіленген. Аудан, қалаларда арнайы жер телімдері белгіленіп, арендалық үйлер салуға инвесторлар тартылып жатыр.
Сатып алынатын арендалық 1 пәтердің ауданы орташа 60 м2 болып есептелген (84 шаршы метрден аспауы тиіс). Күрделі жөндеуден өткізілген, 2 жылдан аспаған жаңа тұрғын үй, сараптамадан өткізілген, сапалы, жаңа материалдардан салынған болуы қажет.
Жиналыста аудан, қала әкімдеріне осы үйлердің құрылысын дұрыс жоспарлау, инфрақұрылымын назарға алу тапсырмасы жүктелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
11.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.09.2024 17
САУРАНДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 20.09.2024 26
Шетелдің өнімін пайдаланбай, өзіміздікін өндірейік
Әділжан АШИМОВ, Алматы облысы Ұйғыр ауданының кәсіпкері - 18.09.2024 196
Шамның  жарығы  түбіне  түспейді
Молдаш Әбілхасен, Гүлнар МҰСАБЕКОВА, Жетісу облысы Панфилов ауданы Керімағаш ауылының кәсіпкерлері - 18.09.2024 263
Ауыл – мемлекетіміздің тірегі
Таутабек РЫСБЕКОВ, Қостанай облысы Арқалық қаласы - 18.09.2024 184
Тарихы терең құмыралар
Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ - 18.09.2024 187
Президент Жолдауы:  Басты құндылық – әділетті қоғам құру
Жанболат САМАШЕВ, Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - 18.09.2024 181
«АУЫЛ АМАНАТЫ» –  ӘР АУЛАНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРАТЫН ЖОБА
Құсайын САРСЕМБАЙ, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы - 18.09.2024 157

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4851
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 4300
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6910
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 5263
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6461