ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ «ТАЗА ӨЛКЕ» АПТАСЫНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛДЫ ТАЗАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ «ТАЗА ӨЛКЕ»  АПТАСЫНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛДЫ ТАЗАЛАДЫ
Бүгін «Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері, ауыл жастары, волонтерлер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Оранғай ауылында тазалық жұмыстарын өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жанашырлықты қалыптастыру. Сонымен қатар айналаны таза ұстау және экологиялық тазалықты сақтау арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сондай-ақ аудан, қала көшелерін ретке келтіру арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Айта кетейік, бүгінгі сенбілікке 150-ге жуық жас қатысты. Олар ауыл су жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.
Túrkistan oblysynyń ákimdigi
14.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА 10 МЫҢ ХАЛЫҚ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 83
САЙРАМДА  «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА  СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 39
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.05.2024 29

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1443
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7484
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11364
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7533
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7690