ТҮРКІСТАНДА «ДЕНСАУЛЫҚ» САЯБАҒЫ САЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ДЕНСАУЛЫҚ» САЯБАҒЫ САЛЫНДЫ
Түркістан қаласында «Денсаулық» саябағы салынды. Саялы демалыс орнының 6240 шаршы метр жері – көгалды аумақ. Онда 540 дана ағаш егілген. 3150 шаршы метріне аяқжол төселген. 100 дана бастырма орналастырылып, балалар ойын алаңшасы мен стрит воркаут жасақталған.
 
 
 Одан бөлек, саябақ ішінде әсемдік үшін қойылған ана мен бала мүсіні және 136 дана кіші сәулеттік формалар да бар. Саябақ автотұрақпен де қамтамасыз етілген.
Қала әкімдігі тарапынан саябақтар, скверлер, гүлзарлар, көшелер мен жасыл аймақтар аумағын тазалау, жасыл желектерді егу және оны күтіп ұстау, шағын сәулеттік пішіндер мен ескерткіштерді, субұрқақтарды, суғару жүйелерін салу және қадағалау жұмыстары жүргізіліп келеді. Көгалдандыру жұмыстарына 700-ден астам адам тартылған.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 983
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7034
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10877
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7102
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7241