Түркияда денесі табылған адамның кім екені белгілі болды

Түркияда денесі табылған адамның кім екені белгілі болды

Түркияда денесі табылған адамның Әділ Қадырбеков екені анықталды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ресми өкілдің хабарлауынша, 8 ақпан күні кешкісін Хатай провинциясына қарасты Антакья қаласында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында Түркия азаматы табылды. Ол аман. Оны алдымен Құбылай Кескин екен деп ойлаған, алайда Кескиннің туыстары оны растамады.

Бүгін 9-ақпан күні таңғы 9-да іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып, оның барысында екі адамның денесі табылды. Оның біреуі түркиялық Құбылай Кескин болып шықты. Екінші дене Әділ Қадырбековтікі. Оны марқұмның туыстары растады.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі мәйіттердің Отанына жеткізілуіне барынша қолдау көрсетеді. Біздің құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге Мірболат Құрмашевты іздестіру үстінде»,-деді Айбек Смадияров.

Осыған дейін Түркияда үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылғанын жаздық.

Сондай-ақ Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярованың аман-есен табылғанын хабарладық.

Қазақстан құтқарушылары Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.

Ресми дерек бойынша, Түркияда зілзаладан көз жұмғандар саны 14 мыңнан асты, тағы 63 мың 794 адам жараланған.

09.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 96
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 83
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 101

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1235
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7281
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11143
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7343
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7490