Тыйым салынған насыбаймен күрес күшейді

Тыйым салынған насыбаймен күрес күшейді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында насыбай таратушыларға жазаны қатаңдату туралы тапсырма берген болатын. Астаналық волонтерлар осы бағыттағы нақты шараларды жүзеге асыруға қызу кірісіп кетіпті. Рейдтің алғашқы күнінде-ақ 100-ден астам заңбұзушылық анықталған. Ал насыбай өнімдерін сатпайтын өзге сауда орындарының иелері мен сатушыларына түсініктеме жұмыстары жүргізілген. 

Рейд барысында 50-ден астам адамға әкімшілік айыппұл салынған. Бір ғана Байқоңыр ауданының өзінде 100 келі насыбай тәркіленіпті. «Ұлт денсаулығы мен мәдениетіне кері әсер ететін жайттарға бейжай қарай алмаймыз», – дейді қатысушылар. 

Қазақстан студенттері альянсының төрағасы Ұлан Наукен: «Осындай шегілмейтін темекі, снюстерді, насыбайларды жастар көп қолданады. Олар адамды қатерлі ісікке, туберкулезге алып келетінін түсіндіріп, көрсетіп жатырмыз. 18 наурыздан бастап Астана қаласындағы 5 ауданда жұмыстар жүргізілді. Жалпы, ұсталған фактілер болғанда 25 АЕК немесе 92 мың теңге көлемінде айыппұлдар салынып жатыр. Волонтерлар полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шараларды әлі де жалғастыруды жоспарлап отыр. Олар: «әр өңірде осындай зиянды өнімдер сатылмаса екен», – дейді.

Бұл аз десеңіз, Астанада құқық қорғау органдарының қызметкерлері рейд барысында 2 тоннадан астам насыбай өнімін тәркілепті. Астанада тыйым салынған насыбаймен белсенді күрес жүріп жатыр. Елорданың барлық ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде.

Полицейлер сауда орындарын тексеріп, таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Рейдтік іс-шаралар апталығында елорданың бес ауданында 500-ден астам сауда орны тексерілген.

Полиция департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 70-ке жуық фактісін, оның ішінде насыбай өндірісі бойынша жерасты цехтарын анықтаған. Рейд барысында Байқоңыр ауданында полиция қызметкерлері насыбай өндіретін цехты тапты. Тәркіленген заңсыз өнімнің жалпы сомасы 10 млн теңгеден асады. Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері рейд барысында Омаров және Асан Қайғы көшелерінің қиылысындағы жеке үйде 2 тонна насыбай сақталғанын анықтады.

Нәтижесінде заң бұзушыларға 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Барлық өнімдер тәркіленген.

Елорданың сауда орындары бойынша рейдтер күн сайын жүріп жатқанын еске саламыз.

Астана бойынша рейд барысында 4 тонна насыбай тәркіленген, оның құны 20 млн теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылған.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1046
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7093
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10946
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7160
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7305