Ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтпек

Ұлықтау рәсімі   26 қарашада өтпек

20 қараша күні елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша, сайлаушылардың учаскелерге келуі 69,43 пайызды құрады. 

Еxit poll-дың есептеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 82,45 пайызы дауыс берген. Соңғы қорытындыға сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45 пайыз, Қарақат Әбден – 2,54 пайыз, Нұрлан Әуесбаев – 2,17 пайыз, Жигули Дайрабаев – 3,33 пайыз, Мейрам Қажыкен – 2,23 пайыз, Салтанат Тұрсынбекова – 2,08 пайыз сайлаушылардың дауысына ие болды. Сондай-ақ сайлаушылардың 5,2 пайызы «барлығына қарсымын» бағанын таңдаған. Сайлауда ең белсенділік танытқан Батыс Қазақстан облысы (98,97 пайыз) болса, ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында (28,72 пайыз) тіркелді.

Қазақстан Республикасының биыл өткізген кезектен тыс сайлауы Тәуелсіздік алғаннан бері өткізілген жетінші президенттік сайлау болып тарихқа енді. Сондай-ақ 1999 жылдан бері Қазақстанда қатарынан алтыншы кезектен тыс сайлау болып отыр. Ал ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың мәлімдеуінше, жаңадан сайланған Президентті ұлықтау рәсімі 26 қарашаға белгіленді. 

Мемлекет басшысы болып 7 жылға сайланған Президентке халықтың да айтар даты бар. Сайлаушы ретінде қояр талабы, ой-пікір ұсынысы болады. Осы орайда, біз республикамыздың әр аймағынан оқырмандарымыздың ұсыныс-пікірін жинастырып, топтап назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

Нағашыбай Қабылбек, Тілекгүл Есдәулет
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 849
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6923
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10761
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6993
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7133