Үндістанда жарқанаттардан қауіпті вирус анықталды

Үндістанда жарқанаттардан қауіпті вирус анықталды

Коронавирустың тез қарқынмен таралып жатқан жаңа үнділік нұсқасынан бөлек, үнділік ғалымдардан тағы бір жағымсыз жаңалық келді.

Пунадағы Ұлттық вирусология институтының (NIV) жергілікті зерттеушілері алғаш рет өлімге әкелетін Nipah вирусын Махараштра штатында жарқанаттардың екі түрінен анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Industan Times -ке сілтеме жасап. Қолда бар деректерге сай, Nipah вирусын тасымалдаушы жарқанаттар Махараштра штатының Махабалешвар үңгірінде табылған. Nipah вирусы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) – 10 негізгі патогенінің бірі. Алғаш рет өлімге әкелетін вирус Малайзияда 1998-1999 жылдары энцефалитке ұқсайтын аурудың өршуі кезінде шошқалар арасында анықталған. Вирустың өршуі Бангладеш, Малайзия, Үндістан және Сингапур елдерінде болған. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректері бойынша, 1998-2018 жылдар аралығында осы вирусты жұқтырғандар арасында өлімжітім деңгейі 40-тан 70 пайызға дейін жеткен. Қазіргі кезде Үндістанда бұл вирустың төрт өршу оқиғасы болған. Бірінші оқиға 2001 жылы Батыс Бенгалиядағы Силигуриде тіркелген, екінші оқиға 2007 жылы Бенгалиядағы Надияда анықталған. Үшінші оқиға 2018 жылы Керала штатындағы Кожикодеде тіркелген, ол кезде инфекциядан 18 адам қайтыс болған. Nipah вирусының тағы бір толқыны 2019 жылы Кераледе болған. Қазіргі кезде бұл вирусқа қарсы дәрі де, вакцина да жоқ. Сол себепті ғалымдар алаңдаулы.

Бірлік ИБРАХИМ, Алматы қаласы
02.07.2021

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 29
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 23

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1184
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7230
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11095
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7295
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7439