ЖАЙЫЛМАЛЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНЕ АТ САЛЫСУДА

ЖАЙЫЛМАЛЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНЕ АТ САЛЫСУДА
Аудан жұртшылығы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын «Жасыл аймақ» апталығымен жалғастырып жатыр. Тұрғындар бұл аптада тазалық жұмыстарымен қатар, тал көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына баса ден қойған.
Бүгін Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының және ауылдағы мекеме қызметкерлері мен ауыл жастары акцияға белсене ат салысып, Жайылма ауылындағы «Айнаш Отарбаева» атындағы саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш отырғызды.
- Біз акция апталығымен ғана шектелмей, әр қарай да санитарлық-тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізе беретін боламыз. Себебі, ауылымызды таза ұстап, абаттандыру, оны жасыл желекке бөлеу – баршамыздың басты міндетіміз, - дейді ауылдықтар.
Айта кету керек, «Жасыл аймақ» апталығында сенбілік жұмыстары Жаңатас қаласы және ауылдық округтерде де жүргізілуде. Белгіленген аумақтар абаттандырылып, көгалдандырылып және тазалық жұмыстары жүргізіліп, тал көшеттері отырғызылып жатыр.
Сарысу ауданы әкімдігі
25.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 108
ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР КЕСТЕСІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 93
МАҚТААРАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.05.2024 113

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1246
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7293
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11154
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7354
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7501