Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Әбілхайыр Ғалымұлы 1994 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында туған.

2015 жылы Халықаралық Бизнес Университетін «бағалау», Польша Республикасы Луис ұлттық университеті Жоғары бизнес мектебін «менеджмент», 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әбілхайыр Тамабек еңбек жолын 2011 жылы жеке секторда бастаған.

2015 - 2017 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының сарапшысы, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің персоналды басқару және құжатайналым қызметінің сарапшысы, 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы, 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі адами ресурстарды басқару департаментінің кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы, 2020-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы, 2022 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2022 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымында қызмет етіп келді.

Жамбыл облысы әкімдігі
09.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 18
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 18
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 21
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 19

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1179
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7223
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11091
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7288
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7433