«Жастар Рухы» Жастар қанаты түрлі санаттағы жастарды қамтыған 1000-нан астам шараларды жүзеге асырды

«Жастар Рухы» Жастар қанаты түрлі санаттағы жастарды қамтыған 1000-нан астам шараларды жүзеге асырды

 

Бұл жайында «Жастар Рухы» Жастар қанатының өкілдері жария есеп беру кезінде атап өтті.

Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев ұйым ребрендингінен кейінгі жүзеге асырылған жобалар мен өткізілген  іс-шаралар  жайында нақты айтып берді:

«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың шілде айында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанатының кезектен тыс VI  съезі өткен болатын. Съезд барысында ұйымның атауы ауысып, Жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы  қабылданды. «Жастар Рухы» - білім мен еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке ұмтылған, 100 мыңнан астам жастың басын біріктірген еліміздегі ең үлкен ұйым. Жыл көлемінде түрлі ауқымды әлеуметтік, экологиялық, патриоттық, мәдени-бұқаралық және қайырымдылық әрі игі шаралардың  басмашысы  болдық. Бұндай шаралар 1000-нан асады»,- деді ол.

2022 жылы Жастар қанатымен «Qaisar» әскери-патриоттық жобасы, «ТазаLike» экологиялық жобасы, «AMANAT CUP» бірінші республикалық шахмат турнирі, футболдан жастар арасындағы турнир, «Dombyra Party», «Bir Tolqynda» және «Рухтастар  Cases» диалог алаңдары, Қостанай облысы мен Екібастұздағы төтенше жағдай кезіндегі көмек, Республика күніне арналған «Менің елім-менің Туым» акциясы, қазақ тілін үйрету бойынша «Менің елім-менің тілім» жобасы, жастарды жұмысқа орналастыруды көздейтін «Жастарға  жұмыс» жобасы және т.б. іске асырылды.

«Былтырғы жылдан бастап қазақ тілін насихаттау бойынша «Менің елім – менің тілім» жобасын бірлесіп іске асырып келеміз. Осы жылы 12 аймақта «Сөйле» тілдесу үйірмелерін ашуға шешім қабылдадық. Жастар қанатының өңірлік филиалдары инфрақұрылымының арқасында сапалы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді», - деп айтып өтті.

 Сондай-ақ, «Жастар Рухы» жетекшісі жүргізілген трансформация арқасында  ұйымға жаңа мүшелерін қосылғанын атап өтті:

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, біздің барлық жобаларымыз бен іс-шараларымыз жастардың білімін жақсартуға, еңбекқорлығы мен отансүйгіштігін арттыруға бағытталған. Әрине, жобалар жастардың заманауи сұраныстарын ескере отырып іске асырылды. Сондықтан да нәтижелер көңіл толарлық. Біздің қатарымыз түрлі жастармен толықты. Мысалы, ауыл мұғалімі және тиктокер Асыл Ахметова, әскери Ұлан Мырзабай, тележүргізуші Ақбөпе Тәңірберген, шорт-трекші Абзал Әжғалиев, Нұрсұлтан Құрман және т.б.», - деді Нұржан Жетпісбаев.

 Шара соңында Нұржан Жетпісбаев жастар ұйымының алдағы жоспарларына тоқталды:

«2023 жыл біз үшін үлкен мақсаттар мен ұмтылыстармен басталды. Біз барлық 20 аймақтың, әр ауылдың жастарымен байланысты нығайту бойынша қарқынды жұмыс жүргізуге ниеттіміз. Жастарды, олардың бастамаларын қолдауға дайын екендігімізді атап өткім келеді. Біз әрқашан ұсыныстарға ашықпыз».

 Айта кету керек, еліміздің жетекші партиясының жастар қанатының 22 жылдық тарихы бар. Ұйымның ребрендингі 2022 жылы кезектен тыс VI Съезде өтті.

 

26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 59
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 108
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 35
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 20

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 336
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6438
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8052
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6519
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6654