Жеті аймаққа – он жеті «Камаз» көмек!

Жеті аймаққа – он жеті «Камаз» көмек!

Су тасқыны болып жатқан аймақтарға жамбылдықтардың гуманитарлық көмегі жалғасуда. Бұл мәселені облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өзінің бақылауына алып отыр. Кеше Тараз қаласындағы Орталық базардың аумағынан 17 «Камаз» жүк көлігімен су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге атанды. Облыс әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек аталған іс- шараның басы – қасында болып, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне бірқатар мәліметтерді берді.

         –  Өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір осы жерден 17 жүк «Камазы» жолға шығады. Әр жүк көлігінде 20 тоннадан азық - түлік, киім - кешек,  ең қажетті заттар бар.  Оның ішінде 7 «Камазбен» 140 тонна пияз жіберіп отырмыз.  Бұл – Жамбыл облысы тұрғындарының су тасқыны болып жатқан өңірлерге гуманитарлық көмегі. Облыс әкімдігі жүк көлігінің шығынын көтеріп, ұйымдастыру жұмыстарына ғана атсалысып отыр. Бұйырса, бұл жүк көліктерімен жіберіліп жатқан көмек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарына және Торғай өңіріне жеткізілетін болады. Жүк көліктерінің жолдағы қауіпсіздігін де мемлекеттік автоинспекторлар арқылы жүзеге асырудамыз. Бұл – облыс халқының сын сағаттағы қолдауы, бірлігі мен жанашырлығы, –  деді облыс әкімінің орынбасары.

       Ал, осы жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясының басқарушы директоры Еркін Жылысбек: «Біз облыс халқының осы ауыр жағдайда жұдырықтай жұмылып, көмек қолын созғанына қуандық. Тіпті, аты-жөндерін айтпауды өтініп, көмектерін беріп жатқан азаматтар да аз емес. Елдің ықыласы мен пейілі осы болса керек», – деді.  

  Мұнан соң 17 жүк «Камазы» су тасқынынан зардап шегіп жатқан жеті аймаққа жол тартты.

10.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1142
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7187
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11048
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7251
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7398