Жұмыссыздарға арналған жобалар

Жұмыссыздарға арналған жобалар

 

Бүгінгі таңда Орал қаласында жұмыссыздықтың алдын алу бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту орталығы төмендегідей мәліметтерден хабардар етті.

Аталмыш жобалар туралы сауалымызды орталық директоры Мағал Бекмағамбетовке жолдаған едік. Айтуынша, облыс орталығында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасын іске асыру арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгендерді тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолдама беру нәтижесінде осы мәселені шешу қолға алынған. – Соның бірі – ұзақтығы 12 айдан аспайтын қоғамдық жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттер мен жоғары сынып оқушылары тартылады. Олардың жалақысы  республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең аз мөлшерінен төмен емес көлемде белгіленеді. Мұндай жұмыстарға күні бүгінге дейін 370-тен астам адам жолданды. Бәрімізге мәлім «Жастар практикасы» бағдарламасы аясындағы субсидияның мөлшері қазіргі таңда экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда 30 айлық есептік көрсеткішті (91 890 теңге) құрайды. Бұл бағдарламамен жыл басынан бері 164 жас жұмысқа жолданды. Ал «Халықты жұмыспен қамту орталығымен» шарттық негізде жұмыс беруші құратын әлеуметтік жұмыс орнына қазіргі таңда барлығы 38 адам алынды. Зейнеталды жастағыларға арналған «Күміс жас» жобасына қатысқан жағдайда аталмыш орталық жалақының 50%-ын (экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде) жұмыс берушінің шотына аударады. Бірақ субсидия мөлшері 30 АЕК-тен аспайды. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы зейнеткерлік жасқа жетіп, жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен жұмысқа орналастыруды көздейді. Мұндай жағдайда «Халықты жұмыспен қамту орталығы» жұмыстың 6 айы үшін еңбекақы төлеуді субсидиялайды. Тағы бір жоба – «Алғашқы жұмыс орны» деп аталады. Бұл жұмыс іздеп жүрген түлектерге, 29 жастан аспаған жұмыссыз адамдарға арналған. Орталық жұмыстың еңбекақысын 18 ай (30 АЕК) субсидиялайды. Жұмыс беруші «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыз тұлғаны кемінде он екі ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына орналастырады. Бұл жоба бойынша күні бүгінге дейін 20 адам жұмыспен қамтылды, – дейді Мағал Төлеуұлы.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
17.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 837
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6911
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10751
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6980
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7122