АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ - САУАПТЫ ІС

АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ - САУАПТЫ ІС
Ауданымызды көгалдандыру және көркейту мақсатында бүгін Шу қаласы мен ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тал-дарақтар отырғызылды. Жыл өткен сайын дамып, тұрмысы тіктеліп келе жатқан ауданда экологиялық ахуал қашан да өзекті екені сөзсіз. Сол себепті де бұндай шаралардың маңызы зор болмақ.
Аудан орталығында орналасқан Оқушылар сарайының маңына түрлі ағаш көшеттерін отырғызып, жасыл желектің артуына атсалыстық. Сондай-ақ бұл игі бастамаға Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әбенов пен бірқатар халық қалаулылары да қатысты.
Үш сауаптың бірі-тал отырғызу десек, тал егудің адамзат тіршілігі үшін аса бір маңызды, қажетті іс екендігін аңғару қиын емес. Аталған игі іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Бір айта кетерлігі, қаланы көгалдандыру тек әкімдіктің міндеті десек, қателесеміз. Өңірдің гүлденуі мен көркеюі тікелей тұрғындардың белсенділігіне байланысты. Егер әрбір азамат өз үйінің іргесіне, ауласына немесе көшенің бойына көшет отырғызса, ауданымыз көп ұзамай-ақ жасыл желекке айналары анық.
Бақытжан Оразалыұлы Жәнібеков Шу ауданы әкімі
06.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 6
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 88
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 82
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 87
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 61

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1311
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7354
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11222
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7408
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7561