Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!

Пәтер сатып   алғанда абай болыңыз!

Алматы әкімдігі қалалықтарға тағы екі тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмауды ескертті. Әкімдік мәліметінше, толық құжаттаманың болмауына байланысты жылжымайтын мүлікті сатып алуға болмайтын тұрғын үй кешендері:

«Auezov Apartaments» ТК — Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 183/19. Тапсырыс беруші —  «Garant LTD Service» ЖШС.

2021 жылғы 30 сәуірде тапсырыс беруші тарапынан «Garant LTD Service» ЖШС жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңартуға және қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, қызмет көрсету объектілері бар әкімшілік ғимараттың қосымша құрылысын салуға хабарлама берді. Алайда жылжымайтын мүлікті сату сайттарында көрсетілген мекенжай бойынша пәтерлердің жарнамасы орналастырылған, бұл қолда бар құжаттарға сәйкес келмейді.

«Tole bi Residence» ТК — Алмалы ауданы, Аносов көшесі, 103 «Б». Тапсырыс беруші —  «Adal Сity Stroy» ЖШС.

Хабарламадағы ақпаратқа сәйкес, 1-блок құрылысының 1-кезегі 2023 жылдың 4-тоқсанында пайдалануға беріледі. Алайда бүгінгі күні аталған нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмеген. «Алматылықтарға жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет екенін еске саламыз, мұны Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі бойынша жасауға болады», — делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Аққу СӘЛІМБЕК
14.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1590
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 1130
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2527
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 2127
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 3326