Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?

Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?

Соңғы уақытта күллі әлем назарын аудартқан Түркиядағы жер сілкінісінен кейін біздің де елде қалың жұртты дүрсілдетіп, алаңдатып отырған мұндай табиғи апат, сейсмикалық қаупі бар аймақ – Алматы қаласында болуы мүмкін бе деген алаңдаушылық туып отыр. 

Алматының оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері сейсмикалық белсенді, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын атап өтейік. 1887 және 1911 жылдары Алматыда ең қатты жер сілкіністері тіркелген. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қарашада Алматы тұрғындарымен кездесуінде жер сілкінісін дәл болжау және алдын ала ескерту қала үшін өте маңызды екенін айтып өтті және Алматыда 2025 жылға дейін 28 сейсмикалық станцияны орнатуды тапсырды, сондай-ақ кейіннен оларды Қырғызстанның ерте хабарлау жүйесімен біріктіруді тапсырды. «Қыркүйек айындағы Жолдауымда әр қалаға жер телімдері мен инженерлік желілердің функционалдық интерактивті картасын жасауды тапсырдым. Алматыда бұл бұйрық «цифрлық егізді» дамыту және қаланың Бас жоспарын түзету аясында жүзеге асырылуда. Бұл жобалар бір-бірімен байланыста жүзеге асырылатын жүйелі көзқарастың жақсы үлгісі. Жалпы, бұл менің жақын болашақтағы қаланы дамытудың негізгі басымдықтарына деген көзқарасым», – деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы. Барлық белгіленген тапсырма мен жоба бірінші кезекте Алматы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, экономикалық әлеуетін нығайтуға және қаланың тартымдылығын арттыруға бағытталған. Бұл міндеттердің орындалуы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында болады.

Ал елімізде 1976 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан сейсмология институтының орта ұзақтықтағы болжамына сәйкес биыл алғашқы жартыжылдықта Алматы айналасында 7 балдан асатын жер сілкінісінің болмайтыны туралы мәлімдеген. Дегенмен бұл – болжам ғана. Сондықтан апат туралы нақты кесіп-пішіп айту қиын. Сейсмикалық қауіпті аймақта тұрғаннан кейін, әрбір азамат кез келген тосын оқиғаға дайын болуы керек. Алматыда мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік нысандарда тоқсан сайын сейсмикалық дайындық жаттығулары өткізілетіні де содан. Апат орын алған жағдайда, тұрғындар үйде не жұмыс орындарында не істеу керек, қалай қорғануы қажет? Мәселен, жер сілкінуі кезінде ғимараттардың сыртқы қабырғалары ең қауіпті саналады. Алматы қаласының тұрғындары тербелісті сезіне салысымен қауіпсіздікті ойлауы керек. Олар алдын ала отбасы мүшелерімен бірге үй ішіндегі қауіпсіз аймақтарды анықтап, апат бола қалған жағдайда сол жерге жету керектігін білгені абзал. Үйде ең қауіпсіз жерлер – негізгі құрылымдық қабырғалар, есік жақтаулары. Айта кетсек, сейсмологиялық болжамдар  жылына екі рет – жыл басында және ортасында құрастырылады. Елімізде жер сілкінісін зерттеу сонау 1920 жылдары қолға алынған. Бүгінгі таңда мамандар Жапония сияқты озық елдердің әдістерін  өз жеріміздің ерекшеліктеріне бейімдеп қолданып келеді. 

 

 

Рауан МУТИР
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 84
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 196
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 414
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 377
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 996

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9072
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8470
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11696
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9459
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10676