Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жұмыс жалғасуда

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жұмыс жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алматы қаласында қала тұрғындары арасында экологиялық жағдайды жақсарту және экологиялық мәдениетті арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Экологиялық іс-шаралар Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының, Полиция департаментінің, бизнес және жұртшылық өкілдерінің күш-жігерін біріктірді.

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінен бастап Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы «Жасыл аула» акциясы аясында өтінімдерді қабылдауды ашты-қала тұрғындары көппәтерлі үйлер мен қоғамдық кеңістіктердің аулаларын көгалдандыру үшін жапырақты ағаштардың көшеттерін тегін ала алады. Өтінімдерді қабылдау 4 қазанға дейін жалғасады, ал көшеттерді тарату 2024 жылдың 12 және 13 қазанында өтеді. Акция туралы қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының жасыл қорды бақылау және басқару бөліміне +7 771-161-98-50 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Көшеттер 2024 жылы 12-13 қазанда Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Юрий Ким көшесі, 9-үй (ЖШС «Eco Almaty») мекенжайында таратылады. Акцияға қатысқан тұрғындар кейін отырғызылған көшеттердің фотоесебін ұсынуы қажет.

«Жасыл аула» акциясы — Алматы тұрғындарының шаһарды көгалдандыруға, оны одан әрі жасыл әрі жайлы етудің тамаша мүмкіндігі.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі абаттандырудың жаңа ережелері бойынша қалалық объектілерді паспорттау болды. Алматы қаласында 5 590 нысан паспортталуға жатады, оның 342-сі бүгінде рәсімделген. Барлық паспорттау жұмыстары келесі жылдың сәуір айында аяқталады.

Паспорттау іргелес аумақтарды абаттандыру үшін кәсіпкерлер мен басқа да субъектілердің шекаралары мен жауапкершілік аймақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Абаттандыру паспортында абаттандыру мен санитарлық тазалауға қойылатын талаптар көрсетіледі, бірақ үлкен күрделі шығындар қажет емес. Негізгі назар үнемі тазалауға, урналармен қамтамасыз етуге және шағын архитектуралық формалардың дұрыстығын сақтауға аударылады. Шаралар қала тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз және экологиялық жағдай жасауға бағытталған.

 «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алматыда тыйым салынған жерлерде қоқыс тастағаны үшін жауапкершілікке тарту жұмыстары күшейтілді. Биыл қыркүйектен бастап жүргізілген мониторингтің нәтижесінде Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасы қоқыс жәшіктерінің толып кетуіне байланысты қосымша жабдықтар мен тазалау ресурстарын қажет ететін 52 учаскені анықтады.

Алматы қаласын көріктендіру ережесіне сәйкес, кәсіпорындар, мекемелер және жеке тұлғалар ірі көлемді қоқысты өздері шығарып, не қоқыс шығаратын ұйымдармен келісімшарт жасасуы керек. Жөндеу жүргізетін немесе ірі көлемді қалдықтар жинақтаған тұрғындар қоқысты шығару үшін мамандандырылған ұйымдарға ақылы түрде жүгінуі немесе оны өздері Алматы облысының Іле (Алматы – Өскемен тас жолы, 34/1 https://go.2gis.com/5wg4xn) және Қарасай (Әйтей ауылы, 144-ші есептік квартал, 4690 https://2gis.kz/almaty/geo/70000001051600536) аудандарындағы полигондарға апаруы керек.

Қаладағы санитарлық және эстетикалық жағдайды жақсарту мақсатында 2024-2025 жылдары Алматыда 786 контейнерді ауыстырып, қосымша 2 мыңнан астам тереңдетіле көмілген жаңа контейнер орнату жоспарланып отыр.

23.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 114
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 167
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 37
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 117
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 113
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 167
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 216
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 221
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 207
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 217
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 222
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11323
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10258
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13503
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12457
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17465