Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Жанболат Нұрмолдаұлы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 
 
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, алдағы жұмысына бағыт-бағдар беріп, сәттілік тіледі.
 
Жанболат Нұрмолдаұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
 
Білімі жоғары. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» және «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
 
Еңбек жолын 2012 жылы «Жастар тәжірибесі» бойынша Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде уақытша маман болып бастаған.
 
2013-2015 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Тараз Жастар орталығы» КММ-ның ақпараттық-талдау бөлімінің кеңесшісі, басшысы;
 
2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
 
2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-ның ақпарат және талдау бөлімінің консультанты;
 
2016-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
 
2020-2021 жылдары Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығындағы облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппараты құжаттама, бақылау және талдау бөлімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
 
 
2021-2024 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы қызметттерін атқарды.
 
2024 жылғы шілдеден бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.
 
Жамбыл облысы әкімдігі
22.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5141
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5301
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20263
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18904
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22363