Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады
«Amanat» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мәден Мұсаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Партия филиалының акт залында өткен қабылдауға әкімдік бөлімдерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысып, тұрғындардың сұрақтарын тыңдады.
Қоғамдық диалог, ашықтық, азаматтардың қажеттіліктеріне жедел ден қою «Amanat»партиясының қызметіндегі басты басымдықтар болып табылады. Осындай қабылдаулардың арқасында азаматтар көтерген көптеген мәселелер өз шешімін тауып келеді.
Мәден Тоқтарбайұлы әрбір тұрғынмен әңгімелесіп, бірде-бір мәселені назардан тыс қалдырмады. Мысалы, Қордай ауылының тұрғыны көпбалалы ана баспананың жоқтығына шағымданды. Азаматша тұрғын үйге кезекте тұрғандар тізіміне енгізілген, бірақ оны алу үшін белгілі бір уақыт күту керек. Ал тұратын жалдамалы пәтерді жақын күндері босату керектігін жеткізді. Аудан әкімі оны мұқият тыңдап, жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Нәтижесінде, осы мәселені шешу бойынша барлық мәселелер егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ мерзім ескертілді.
Сондай-ақ, қабылдауға Отар ауылынан келген азаматша үйі жөндеуді қажет ететінін, оның өзі шатырды жабуға мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Жұмыс көлемін зерттеу және көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, жер телімін алу, жұмысқа орналастыру, құжаттарды рәсімдеу мәселелері айтылды.
Мәден Тоқтарбайұлы заң аясындағы барлық сұрақтарға толық жауап берді. Бірқатар мәселелер сол жерде шешімін тапты, бір бөлігі аудан басшысының жеке бақылауына алынды. Мәден Мұсаев қабылдауға келген барлық тұрғындарға алғысын білдірді.
 
Қордай ауданының әкімдігі
18.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 20
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 29
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 41

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1018
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7064
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10912
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7133
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7275