Ауғанстан: Тәліптер Кандагар қаласын басып алды

Ауғанстан: Тәліптер Кандагар қаласын басып алды

ВВС ақпарат агенттігі: «Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының содырлары елдің аса маңызды әрі ірі қалаларының бірі Кандагарды басып алды. Бұған дейін тәліптер Кабул-Кандагар бас автомагистралінде орналасқан стратегиялық маңызды қала Газниді бақылауға алған еді»,— деп хабарлайды. Тәуелсіз дерекккөздер қаланың басып алынуы туралы ақпаратты растаған жоқ, алайда әлеуметтік желілерде оның көшелерінде «Талибан» содырлары жүрген роликтер пайда болды. Кандагарды басып алу – «Талибан» үшін маңызды стратегиялық жеңіс. Исламшылардың Ауғанстанның басым бөлігіне иелік етуі жалғасып жатыр. Бүгінде қақтығыстар тағы бір ірі қала Гератта болып жатыр. Сәрсенбі күні Пентагонда американдық азаматтардың эвакуациялануын қамтамасыз ету үшін Кабул әуежайына әскерилер жіберілгенін мәлімдеді. Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай «Талибан» қозғалысы Ауғанстан аумағының 80 пайызын бақылауына алған. Сондай-ақ, БҰҰ Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыс туралы ескертті.

 

Ермек Сахариев
13.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 346
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 342
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20639
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20428
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35530
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34097
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37964