«Ауыл Аманатына» 4 мыңға жуық өтінім түсті

 «Ауыл Аманатына»  4 мыңға жуық өтінім түсті

Ауылдағы ағайынның айының оңынан тууына Үкімет те атсалысып жатыр. Халықтың табысын арттырудың бірыңғай тетігі жасақталып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өткен жылдың сәуір айында халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасы бекітілген еді. Бас құжаттың аясында елдегі бас партия  «Amanat» үкіметпен бірлесіп, «Ауыл Аманаты» жобасын қолға алған болатын. 

Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аталмыш салада кәсіп бастауына  барынша тартуды көздеген бұл бағдарлама Алматы облысында да жүзеге асуда. 

 Күні  кеше Алматы облысының әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев «Ауыл Аманаты» жобасының өңірдегі аяқ алысына тоқталып, мәселені шешуді тапсырды.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Ауылшаруашылығын қарқынды дамытуға қажетті жағдай жасау – мемлекеттің міндеті. Сонымен қатар, ауыл-аймақтарды кешенді түрде өркендету аса маңызды. «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс», – деп атап өткен болатын. Сондықтан біз осы салада туындаған мәселелерді анықтап, олардың шешу жолдарын айқындауымыз қажет», – деді Алматы облысының әкімі  Марат Сұлтанғазиев.

Үкіметте сәуірде бекітілген бұйрыққа сәйкес, Алматы облысы әкімдігі қазан айында «Халықтың табысын арттыру жобасына қатысатын басқармалар мен аудандардың тізбесін бекіту туралы» № 327 қаулысын қабылдаған еді. 

Жалпы, қайта түлеген облыста «Ауыл Аманаты» ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасына Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Балқаш, Жамбыл, Ұйғыр аудандары мен 102 ауылдық округ және 134 елді мекен қатысады деп жоспарланған еді. 

Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Коюмчан Омаровтың айтуынша, әр аудан бойынша жұмыс комиссиялары, ал ауылдық округтерде несие алушылардың өтініштерін бастапқы жинау және өңдеу бойынша жұмыс топтары құрылған. 

 Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, биылғы жылға облысқа «Ауыл Аманаты» жобасы аясында  8,3 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 2,3 млрд теңге негізгі сома болса, 6,0 млрд теңге – қосымша бөлінген қаржы. 

– «Ауыл Аманаты» – өңірдің әлеуетін жақсартуға бағытталған бірегей бағдарлама. Алматы облысы халқының басым бөлігі ауылды жерде тұратындықтан, біз үшін орасан зор пайдасы тимек. Мәселен,  жобаны іске асыру кезінде өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнім 1%-ға, мал шаруашылығындағы 3%-ға және техника мен жабдықтар паркін жаңарту 4%-ға ұлғаяды деп күтілуде. Бұл жоспар орындалса, шаруашылықта өнімділік артып, оң динамика сақталмақ», – дейді Коюмчан Аванұлы. 

Айта кету керек, бағдарлама бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.  Жауаптылардың айтуынша, облыс көлемінде  барлық аудандардан 5 бағыт бойынша 22,8 млрд теңгеге 3 955 өтінім түскен. Қазіргі таңда нақты 4,4 млрд теңгені құрайтын  891 жобаға  құжат өткізілген. 

Алдағы уақытта Алматы облысында ауыл тұрғындары ауылшаруашылығы кооперативтері құрамында кәсіптерін дамыту үшін жеңілдетілген несие алу көзделуде.   Бүгінгі күні облыста «Ауыл Аманаты» жобасының шеңберінде  3 ауылшаруашылығы кооперативі тіркелген, қосымша тағы 19 кооператив құру жоспарлануда.

 

АНАР САБЫРОВА
18.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Тәуекел картасы –  әділдіктің айнасы
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 31.10.2024 174
Ұлт ұясы – Ұлытау, жаңарған Жаңаарқа
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - 31.10.2024 166
Орман  шаруашылығын оңалтуда оң нәтиже бар
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 27.10.2024 440
Тігінмен  тірлігін түзеген
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы - 27.10.2024 490
ЕСІРТКІ ТҮБІ – ТҮРМЕ
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 27.10.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 7381
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6812
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 10028
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7795
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 9012