АЗА ЖЫР – АҚБОТА БОЗДАУ

АЗА ЖЫР – АҚБОТА БОЗДАУ
Адамзаттың асыл перзенті Əбіш Кекілбайұлының рухына
Бота көрдім мен түсімде боздаған,
Қан жүрегі жанған шоқтай қоздаған.
Боздай-боздай айналды да дастанға,
Сол ақ бота сіңіп кетті аспанға.
Құз басынан суық хабар үрледі,
Оянып ем жылап тұр ел, іргелі.
Маңғыстау тұр Ай-Сəулелі , Үр-қабақ,
Ақ жаулығын ботасына бұлғалап.
Бір нар мая исінеді тұлыпқа,
Уыз тамыр Ана болған ұлысқа.
«Ботам қайда ?!..Ботам қайда?!.. Құлын» – деп,
Сол Кейуана қолын жайды «Ұ-лы-ы-м!» – деп.
Қаратауым көкке көшті сенбек кім?!
Əр жусанға көңіл айтып Мен кеттім.
Жүрегінің тұсын ұстап Түбегім,
Жұбатып тұр үнсіз ғана қыр елін.
Мың жыл бірге толғатсада мың қазақ,
Туылмайтын кетті өмірден бір қазақ!
...Шын ғажап!!!
Жыламаймын!..Дұшпандары жыласын.
«Тастады – деп – адамзатқа мұрасын»
Жаратқанның жаратылған нұрынан,
Өлмейді Ол, – қалғып кетті Ұлы Жан!
Оянады, сəл, тыныстап алғасын,
Ақиқаттың айту үшін жалғасын
Көмейінде бұлбұлы бар жан еді,
Көңілінде шын мұңы бар жан еді.
Жоқтың бəрін өзі іздеп табатын,
Бар нəрсеге сəби сынды таң еді.
Жүрегіне салып алған əлемді,
Үнсіз қара нар еді.
Көкірегі күміс сандық,
Алтын сыр
Əбіш деген менің ағам бар еді.
Дана десем өштеседі данаға,
Бала десем қарамайды балаға.
Енді кім деп айтып өтем жалғаннан,
Сені Əбем, Жан Аға!?...
Сөз таппасам өзімді-өзім кешем бе?!
Темірқазық – атар таңы кеш елге.
Хан мен қара бұл сөзіме тоқтар ма,
Парасаттың патшалығы десем бе!?
Қалай айтсам жарасады қалпыңа,
Қазиналы іс тастадың артыңа.
Сен – Қазақсың, Қазақ – Сенің болмысың,
Жалпы – Саған, Сен айналдың – Жалпыға!
ДАНЫШПАНДАР ӨЛМЕЙДІ, ТЕК, МЕКЕНІН АУЫСТЫРАДЫ. ЖЕРДЕН КӨККЕ, КӨЗДЕН КӨҢІЛГЕ КӨШЕДІ. Елесі алыстап, есімі мен еңбегі жақындайды. Əбекең де халқына бұрынғыдан жақындай түседі. Əбіш Кекілбайұлы – Тарихқа адал қызмет жасады. Енді, Тарихтың – Əбіш Кекілбайұлына қызмет жасайтын кезі келді. Тарих – жанды да, арлы құбылыс. Ол, өзіне адал да, құрметпен қатынас жасаған таным иелерін жерге тастамайды. Баба тарих Əбіштің Əлеміне өз қолымен шырақ жағатын болады. Əбіш Кекілбайұлы – Адамзаттың асыл перзенті. Алаштың қорғаны. Қазақтың асқар тауы, тірегі. Естір құлақтың, көрер көздің, сезінер жүректің, парасат пен пайымның қайнар бұлағы. Киелі сөздің жүрегі. Кешірім мен кеңдіктің, кемеңгерлерге тəн шыдам мен төзімнің үлгісі мен өнегесі. Ұлт пен ұлдың ұстазы. Адал еңбек, шексіз білімнің, арлы ғұмыр, айқын бағыттың, ақ тілек, рухани сұлулықтың, Тəңірден тін тартқан ұлы таланттың иесі, шырағданы. Əбіш ағаның рухы риза болсын десек – оның еңбектеріне ұлт болып ден қойып, санамызбен саралап, арымызбен аялауға кірісуіміз керек. Болмаса, айтылған сөздің бəрі бос. Əбіш аға өмір бойы асқақ арманға, күнге қолын созып өтті. Əрине, күн бар жерде көлеңке де болады. Көлеңкелерге көңіл аудармады. Кешіріммен қарады. Сол үшінде Жаратқан Иемнің Əбекеңдей сүйген құлына деген сыйлығы ол дүниеде де молынан болар.
Алтын қолыңда тұрсада – алтын, жерге көмсеңде – алтын. Əбіш аға да сол тозбайтын алтынның бірі. Енді оның құны артпаса, кемімейді. Əбіш дегеніміз – Қазақ деген сөздің баламасы. Ал, Қазақ деген сөз – Əбіш деген сөздің баламасы. Қазақтың осындай алып тұлғалары, тұтас ұлттың болмысынан жаралған. Сондықтан тариxи тұлғалардың болмысы тұтас ұлттың болмысына тең. Əбіш Кекілбай ағаны да өзінен бұрынғы Қазақтың алыптары секілді ұлтынан тыс елестету мүмкін емес. Демек: ƏБІШ ДЕГЕНІМІЗ – ҚАЗАҚ! ҚАЗАҚ ДЕГЕНІМІЗ – ƏБІШ! Қазақ xалқы жер бетінде қанша өмір сүрсе – Əбіш ағаның руxы, есімі сонша өмір сүретін болады.
 
Сабыр Адай, "Алтынзер"
25.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 21
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 12
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 17
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 22
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 19
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550