Электронды форматқа көшу мәселесі сөз болды

Электронды форматқа  көшу мәселесі сөз болды

Осы аптада Орал қаласының әкімдігінде әкімшілік іс жүргізудің электронды форматына көшу және әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жұмыстарын жандандыру туралы кеңес өтті.

Бұл туралы Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жиынды ашқан қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қазіргі таңда цифрландыру саласы бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының біріне айналғанын атап өтті. Жалпы цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында Батыс Қазақстан облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы бастығының міндетін атқарушы Гүлнар Ибрашева баяндады.

– Әлемде  автоматизацияны дамыту белсенді жүріп жатыр. Осы прогресстен қалмай, елімізде қоғамның барлық саласын қамтитын «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бас прокуратураға прокурорлық қадағалауды күшейту жөніндегі цифрлық жобаларды іске асыру сеніп тапсырылды. Бүгінгі күні Құқықтық  статистика  және  арнайы  есепке  алу  жөніндегі органдар бағдарламаға енген бес жобаны нәтижелі қолданысқа енгізді, – деді басқарма өкілі. Айтуынша, бұл жобалар – «Е-қылмыстық іс», «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай  тізілімі», «Тексерулердің субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Е-өтініш», «Аналитикалық орталық».

Г.Ибрашева өз сөзінде әкімшілік іс жүргізудің электрондық форматына көшудің қажеттілігі мен маңыздылығын, бұл мемлекеттік органның жұмысын оңтайландыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік беретінін жеткізді. 

Сондай-ақ,  іс жүргізудің электрондық форматының оң жақтары, басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және дерекқорларымен интеграциялау және басқа да проблемалық мәселелер талқыланды.

Басқосу нәтижесінде әкімшілік іс жүргізудің электрондық форматы бойынша нақты міндеттерді қоюмен шешім қабылданды. Әкімшілік айыппұлдардың өндіріп алу пайызын арттыруды жандандыруға және техникалық құрылғыларды сатып алу мүмкіндігін шешуге бағытталған ұсыныстар әзірленетін болады.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
29.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 20
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550