Мәліметтер базасын алған «Сбер» кейін тізерлетпей ме?

Мәліметтер базасын алған «Сбер» кейін тізерлетпей ме?

Қоғамдағы ең көп талқыланған мәселенің бірі – «Сбер» компаниясымен жасалған меморандум. Бұл іске халық өре түрегелмесе де, соншалықты қатты қолдай қойды деуге келмейді. Үміт пен күдік итжығыс түсіп жатыр.  Мәліметтер базасын шетел компаниясына беру – тәуелсіздікке төнген қауіп дейтіндер бар. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Мәліметтер базасы Қазақстан Республикасының аумағында, қорғалатын жерде сақталады. Меморандумда жазылғандай, «ол жерге ресейлік мамандар қол жеткізе алмайды!». Егер тіпті қандай да бір технологиялық қолдау үшін ресейлік мамандар бізге тартылған жағдайда да, бұл жұмыс біздің мемлекеттік-техникалық қызметтің мамандарының бақылауымен жасалады. Біздің бизнес өкілдерінің 90 пайызы, мәселен «Адинес» жүйесін пайдаланады. Біз мәліметтеріміздің барлығы Ресейде демейміз ғой. Мәліметтердің бәрі де біздің серверлерде болады. Бұл жерде шыбынды түйеден ажыратып алу керек. Ресейлік мамандардың бір де бірінің оған қолы жетпейді», –  дейді ол.

Министр келесі жылдың сәуірінде жобаның барлық жан-жақты параметрін айқындайтын келісімге қол қойылатынын мәлім етті. Жобаның сомасы туралы да әртүрлі алыпқашпа әңгіме тарап кетті. Біреулер 5 млрд доллар кетеді екен дейді. Ол – жалған ақпарат. Шамамен 500 млн доллар керек. Бірақ экономикалық зерттеулер кезінде қаражат тағы бір пысықталады екен.

Осылайша Астанада «Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі» министрі Бағдат Мусин мәселенің анық-қанығын халыққа терең түсіндіру мақсатымен кездесу өткізді. Кездесуге елге танымал блогерлер мен қоғамға белгілі азаматтар қатысыпты.  

«Үш сағат бойы біз жобаның мән-жайынан бастап, ІТ-саланың дамуы мен Қазақстанның әлемдік цифрландыру барысындағы рөліне қатысты түрлі мәселелерді талқыладық. Осы орайда еліміз жаһандық даму үрдісінен қалыспас үшін цифрландыру қарқынын күшейту керек деген ойымыз бір жерден шықты», – дейді министр «Фейсбуктегі» парақшасында. 

 «Кездесу нәтижесінде біз барлық тараптардың ой-пікірін ескере отырып, мынадай мәмілеге келдік: Біріншіден, біз өнімді бастапқы кодтарымен бірге аламыз. Қарапайым тілмен айтсақ, біз жасалу жолы мен нұсқаулығы бар конструктор мен құралдар сатып алмақпыз. Біз дайын құрал-жабдықтарды пайдаланып, қажет болса, оны әрі қарай дамытып, конструкторды барынша жетілдіре аламыз. Бұл конструктордан не жасау керектігін біз шешеміз. «Қара жәшік», яғни түсініксіз әлдебір нәрсені сатып алғалы жатқан жоқпыз. Сондықтан біз әлдебіреулердің айтқанына көніп, айдағанына жүре бермейміз. Тағы да қайталап айтқым келеді, бастапқы кодтар бізде болады. 

Біз платформаның толыққанды нұсқасы бар түрлі компаниялармен сөйлестік, бірақ бәрі де тек қана пакеттік шешімдерді ұсынуда, ал мұндай жағдайда біз шетелдік мамандарға тәуелді болып қалуымыз ықтимал. Бұған біз жол бере алмаймыз. 

Екіншіден, серверлер Қазақстанның жерінде және қорғалған контурларда  сақталады. Бұл дегеніміз, оған ешкім, әсіресе шет мемлекеттер тіпті де қол жеткізе алмайды. Яғни біз Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік талабына сай шетелдіктердің бұл процеске кірісуіне, соның ішінде техникалық сүйемелдеуіне жол бермейтініміз айдан анық. 

Үшіншіден, бұл іспен (конструктордың дайын құралдарымен жасау) тек қана Қазақстан азаматтары айналысады. Оның үстіне, мен бұл норманы барлық құжаттарда бекітуге дайынмын. Бұл  жобаға бөлініп жатқан қаражаттың негізгі бөлігі Қазақстанның экономикасына құйылады деген сөз және қазақстандық ІТ мамандарының жалақысына жұмсалады. 

Төртіншіден, бұл жұмысқа отандық ІТ компаниялар тартылады. Компаниялар, яғни нарықтағы бір-екі ірі компанияның монополиясы болмайды. 

Бесіншіден, жалпы ІТ саланы дамыту, соның ішінде платформаны жетілдіру үшін біз жоғары білікті кадрларды дайындау қарқынын күшейту керекпіз.

Алтыншыдан, біз алдағы іс-әрекеттерімізді ашық және жариялы етуге тиіспіз.

Бұл орайда қоғам қайраткерлерінің ұсынысын толықтай қолдап, цифрлық трансформация сияқты маңызды үрдістің барынша ашық жүргізілуін қамтамасыз ету үшін министрлік жанындағы қоғамдық кеңестің құрамын кеңейту керектігімен келісемін.

Ал сарапшылардың бағасын алу үшін біз ІТ-бизнес өкілдері мен технологияны жете түсінетін мамандардан тұратын сараптамалық кеңес құрдық. Сондай-ақ бұл кеңестік құрамында белсенді қоғамның өкілі Мұхтар Тайжан да бар.  

Салмақты және орынды сын айтып жатқан қазақстандықтарға тағы да алғыс айтамын. Алдағы уақытта цифрландыру барысында қандай да бір  түсініспеушіліктің алдын алу үшін мұндай кездесулер көбейеді деген ойдамын. 

Ақпараттық вакуум біраз қисынсыз пікірлер туындатқанын мойындаймын.Сондықтан біздің жұмыс жайлы жиі жазып тұруға уәде беремін», – депті Министр «Фейсбуктегі» парақшасында.

 Бұл туралы әлеуметтік желідегі халықтың да пікірін бере кетейік. 

Салтанат Әшірбай: «Біріншіден, бүкіл эксперттердің аты-жөнін жарияласаңыздар. Екіншіден, техникалық спецификациясын  жариялау қажет. ІТ саласының мамандары көріп білу керек. Неге 500 млн доллар? Блогерлерді жинап алып, артымен фотоға түсіріп, «шешім» шығару оңай. Халық қаржысын рационалды түрде пайдаланып, жемқорлыққа жол бергізбеу – басты талап. Ресеймен болған талай «жобалар» жөнсіз болған. БАҚ-ты оқып отырған боларсыз, «СБЕР-дің» өзінің жемқорлары жетіп, халықаралық іздеуге алынған. 15 млн долларға жасауға болатын дүниені неге 500 млн-ға бағалап отырсыздар. Техспецты жариялаңыз!

 Серік Боратбайұлы: «Алмасаңдар болмай ма? Әлемдегі беделді ІТ компанияларда істеп жүрген қазақстандықтарды жинасаң, бұдан да жақсы дүниені  сол ақшаның 3/1 жасауға болады. «Сбер» сендерге өзі жасамағанды сатып отыр ғой».

Көпшілікке түсінікті болу үшін айта кетейік, Цифрлық трансформация дегеніміз, бұл – технологиялық жаңашылдықтар негізінде мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру. Бұл мемлекеттік қызметтерді жай ғана автоматтандыру емес, осы қызметтердің мән-маңыздылығын зерделей отырып, функциялар мен сервистерді түгелдей қайта қарастыру. Әйтпесе бәрі де автоматтандырылған «хаосқа» айналып кетуі мүмкін. Ал платформа – бұл тек қана техникалық мәселе, оның үстіне цифрлық трансформация жасаудағы ең басты жайт емесін ескеру керек. 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9055
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8451
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11679
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9442
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10659