Мектеп ауласынан табылған көне диірмен

Мектеп ауласынан табылған көне диірмен

Келес ауданы білім бөліміне қарасты №31 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарихи-археологиялық мұражайында мектеп ауласынан табылған құнды жәдігерлер көп. Соның ішінде 1353 жылы тастан жасалған қол диірмендерін де атап өту керек. Сонымен қатар мұражайда ХVІІІ-ХІХ ғасырларға тиесілі ағаш шоқпар мен ожау, ежелгі қаңлы дәуіріне тиесілі саз балшықтан жасалған құмыралар мен ыдыстар бар. Сондай-ақ, сөрелерге көне монеталар мен қоладан жасалған шәйнек, кесе секілді тұрмыстық заттар қойылған дейді мектеп басшысы. – Жүзімдік ауылында орналасқан мектеп ауласына 1985-1986 жылдары археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Жалпы аумағы 68 шаршы метрді құрайтын мұражай екі бөлмеден тұрады. Экспозициялық бөлменің аумағы – 56 шаршы метр. Мұражайда жалпы 152 экспонат бар. Балалар қазіргі таңда осы жәдігерлерді зерттеп, ғылыми зерттеу жұмыстарын да жазуда, – дейді мектеп директоры Ақмарал Қамбарова. Ұстаздардың айтуынша, қазіргі кезде де мектеп ауласында, ауыл маңында көптеген жәдігерлерді кездестіруге болады. Тарихшы мамандардың қорытындысына сәйкес, осы аймақтан табылған тарихи экспонаттар біздің заманымыздың I-XIII ғасырлардағы Қаңлы мемлекеті мен Қарахан мемлекеті кезеңдеріне жатады.

 

Түркістан облысы Келес ауданы білім бөлімінің баспасөз қызметі
16.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде қала педагогтерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті
Мейрамгүл ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 02.09.2026 266

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27677
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27167
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44528
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40247
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44868