Министр Қазақстандағы интернет сапасының төмендігін мойындады

Министр Қазақстандағы интернет сапасының төмендігін мойындады

«Интернеттің сапасы неге төмен екені туралы көптеген шағым бар. Біз мұны мойындаймыз. Бірақ кейбір факторларға тоқталғым келеді. Мысалы, TikTok, YouTube және басқалары бар. Олар толығымен қолданылады. Күнделікті өмірде такси жүргізушілері де бағдаршамда тұрған кезде телефондарынан видео қарайды. Экономиканың басқа салаларында да интернет қолданылады. Осыған байланысты интернет-трафикті пайдалану да айтарлықтай өсіп барады. Пандемия кезінен бастап бұл көрсеткіш 800 петабайтқа жетті», — деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, халықаралық телекоммуникация саласында ITY деген ұйым бар. Оның айтуынша, былтыр әлем бойынша интернетті пайдаланатындар саны 4,9 миллиардтан асқан.

«Дәл осы уақытта еліміздегі интернетті пайдаланушылар саны, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 90,9 пайыз болған. Интернетті пайдаланушылар саны ғана емес, олардың интернетте өткізетін уақыты да артып келеді. Бұл деректер инфрақұрылымдық коммуникацияларға жүктеменің артуына басты себеп болып отыр», — деп түйіндеді Бағдат Мусин.

Tengrinews.kz
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АШТЫҚТАН ҚАЗАҚ ҚЫНАДАЙ ҚЫРЫЛДЫ?
Сұхбаттасқан, Нағашыбай Қабылбек - 30.05.2023 159

Топ жаңалықтар

1
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 54
2
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 50
3
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 106
4
ІЛЬЯСТЫҢ "АҚ ҚАЛАСЫ" АШАРШЫЛЫҚТЫҢ НАҚ БАҒАСЫ!
Show more
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 2023-05-31 111
5
Өміріңді сақтандыр, өкінбейсің!
Show more
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 2023-05-31 304