Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.

Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.

Әйгілі Қарқара көтерілісінің қаһармандарының бірі.

ХХ ғасырдың басында Жетісу аймағы Аспантау өңірінде екі мәрте би, Ақтоғай, Үш Меркі аймағының болысы болған.

Өткен аптада көрнекті ғалым, ақын Сағатбек Медеубекұлының атамыздың саяси қайраткерлік болмысын бейнелеген "Оразай" атты тарихи дастанының тұсаукесері Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өте жоғары деңгейде өткені жайлы ақпарат бергем.

Бүгінгі - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде "Шалқар" радиосында белгілі радиожурналист, ақын, аяулы бауырымыз Талант Арғынғали арнайы хабар жасапты. Алла разы болсын!

Сондай-ақ аса көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбайдың "Ана тілі" апталығында "Құнды дастан" деген көлемді мақаласы жарық көрді. 

Және белгілі өнер зерттеуші, этнограф Нұрлан Сәрсенбайдың "Тарихи дастан - тағдырлы шығарма" атты мақаласы "Астана ақшамы" газетінде жарияланды.

Ұлт азаттығы жолында шаһид кеткен бабалар рухы шат болсын.

Тәуелсіз Қазақ Елінің көш-керуені салтанатты болғай!

Сілтемелері төменде👇👇👇👇👇👇👇👇👇

Кітапхана 31.05.2023 Жанарбек Әшімжан, Сағатбек Медеубекұлы, Нұрлан Сәрсенбай, Бекжан Әшірбай - Shalqar radiosy | Шалқар Радиосы / Шалкар радио / Shalkarfm / Shalqarfm https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/audios/56630

Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан
01.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 796

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 2505
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 2337
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 2445
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 2426
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 2473