Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді

Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді

Қазақстанға ресми сапармен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі қонақты елорда әуежайында қарсы алды. Елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Қытай басшысының елімізге келуі оның пандемиядан кейінгі шетелге жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екенін мәлімдеген болатын. 

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Ермек Сахариев
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 302
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 292
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 289

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13367
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13342
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28456
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27141
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30643