Сүрлеуі бөлек суретші

Сүрлеуі бөлек суретші

Бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан Қанат Мұратаевтың соңғы жылдары жеткен жетістігі көп. Оның қаламынан туған кез келген туындысын алып қарасаңыз да тұнып тұрған тарих. Ол өткен ғасырлардағы қазақ қоғамының бет-бейнесін шынайы беруімен де ерекшеленеді. Шығармаларында бір ғана кейіпкерінің образын беріп қана қоймай, топтап, табиғатпен үйлестіре отырып, сол дәуірдегі адамдардың киім үлгісімен, сауыт-сайманымен, салт-дәстүрін және әдет-ғұрыптарын да шебер көрсете біледі.

Бүгінде Қанат Жарасұлының есімі Жуалы жұртшылығына ғана емес, облыс, арысы республикаға белгілі. Шетелдік әріптестері де оның тамаша туындыларына қызыға да, қызғана қарайды. Кейбір картиналары әлемдік суретшілердің топтамалық жинақтарына да еніп үлгерген. Өз елімізде шығып жатқаны қаншама? Оның бәрін бүгін тәптіштеп айтып жатпасақ та, бірақ, жуырда Қанаттың ел өнеріне қосқан еңбегі еленіп, «Қазақстанның Алтын кітабы» жинағына енгенін атап өту орынды.

Биыл Астана қаласындағы «Издательский Дом-Эдельвейс» ЖШС баспасынан басылып шыққан кітаптың көтерер жүгі салмақты. 320 беттен тұратын жинақта елімізге белгілі тұлғалар мен қоғам және өнер қайраткерлері енген. Баспа құралының әрбір беті, әрбір бөлімінің оқырманға айтары мол. Мұнда саясат пен бизнес, қоғамдық сала мен ғылым, спорт, өнер мен ағартушылық, мәдениет салаларында жетістік желкенін керіп, арғысы әлемнің, бергісі ел ішінің қошеметіне бөленген тұлғалардың өміріне тоқталған.

Осынау жинақтың тура ортасындағы төрт беті жерлесіміз Қанат Жарасұлына арналыпты. Оның жеке суреті, отбасымен, шетелдік әріптестерімен, жұмыс үстіндегі суреттерімен қатар қылқаламынан туған бірнеше картиналары берілген. Сондай-ақ кітапта Қанат Мұратаевтың «Шынайы өнер – өнерге көрік береді» деген тақырып аясында өмір жолы баяндалған.

Кітап құрастырушылары «Сурет салу өнері – кез келген адамда бола бермес қасиет. Қанат Жарасұлы өнер әлемінде өзіндік мәнер қалыптастырып, қылқаламнан қолын үзбей бүгінгі күнге дейін шығармашылықпен айналысып келе жатқан тәжірибелі суретші», деп баға беріпті.

Қанаттың қиялынан туған дүниелерді қылқалам арқылы қағаз бетіне түсіруі балалық шақтан басталған. Содан шығар, ол мектепті бітіре салысымен сол кездегі ел астанасы Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға түседі. Ұлттық рухты бойына сіңіре түскен ол 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысады. Желтоқсанның салқыны тиіп, оқу орнын аяқтай алмай қалған Қанекең желтоқсаншылар сияқты талай сергелдеңді басынан өткізіп барып, жаны сүйген салаға араға жылдар салып қайта оралған еді. Сөйтіп ұстаздық жолын қазір өзі басшылық етіп жүрген аудандағы №1 Балалар өнер мектебінде бастаған болатын.

Отбасы-ошақ қасының қым-қуыт тіршілігімен, жұмыстың жүгі ауыр жауапкершілігінен қолы босамайтын Қанаттың бір кездері суретшілік өнерден әлдеқайда алыстап кеткені де жасырын емес. Десек те, талант тасада тұншығып жатпайтыны сияқты, ол қолы қалт еткенде қылқаламын жанына серік етіп, ақ қағазға сырын ақтаруды әдетке айналдырады. Күндіз-түні кірпік қақпай, шығармашылықпен айналысуға уақыты болмаса да, бос кезін тиімді пайдалануға тырысқан Қанекең ауылда жатып-ақ әлемді мойындатарлық тамаша суреттер салып жүр. Бейнелеу өнеріне деген бейімділігі оның әрбір картинасынан қылаң беріп қалады.

Суретшінің өз-өзімен қалып, қиялынан туындаған дүниелерге өзінше тың өрнек беріп жансыздыққа жан бітіруге тырысатын сәттері аз емес. Қанат көбіне орта ғасырдағы қазақ батырларының яғни, эпостық жыр кейіпкерлерінің бейнесін өз таным-таразысы бойынша сомдауды жаны сүйеді. Сондықтан оның картиналарынан көбіне алып денелі, сом тұлғалы, сауыт-сайманын, бес қаруын асынған қазақ батырларының кейпін аңғарасыз. Мәселен, «Сақ жауынгері», «Жекпе-жек», «Мерген», «Дала патшайымы», Шайқас», «Қайырхан», «Қоштасу», тағы басқа картиналары қазақтың өткен тарихынан сыр шертіп тұрғандай. Осы картиналардың ішінде суретшінің облыстық сурет галереясында «Жекпе-жек» пен «Мерген» туындысы тұр. Ал «Таң» суретін 2010 жылы даниялық азамат аттай қалап, сатып алыпты.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін суретшінің «Тамыр», «Жекпе-жек», «Кенесары хан», «Аңыз батыр», «Бүркітші», «Көкпар», «Көшпенділер» секілді көптеген картиналары майлы бояумен берілген ұлттық болмысымызбен ұштасып жатқандай. Әсіресе «Тамыр», «Мерген» және «Көшпенділер» картинасында ежелгі қазақ даласын мекендеген сақ пен ғұн, түркі тайпаларының болмысы кереметтей көрініс тапқан. Шығарманың шынайылығы сол – суретке қарап отырып, сол дәуірдің әсерлі сәтін сезіне аласың. Ал «Аңыз батыр» картинасында даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ақ боз аттың үстіндегі бейнесі анық айшықты түрде сомдалған. Бұл шығармасы жерлес батырдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында суретшілер байқауында жеңімпаз деп танылып, бүгінде аудандағы батыр музейінің төрінде ілулі тұр. Суретшінің «Кенесары хан» картинасы Қазақ хандығының 550 жылдық тарихи тойында көрмеге келушілердің ықыласына бөленіпті. «Шайқас» пен «Қайырхан» картиналарын алматылық бизнесмендер алып, өз офистеріне іліпті.

Қанат Жарасұлының тағы бір қыры – мүсін жасайды. Оның қолынан дүниеге келген кейбір сәулеттік мүсіндер аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылының көркіне сән беріп тұр. Соның бірі де, бірегейі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында, Б.Момышұлы ауылына кіреберіс тұстағы «Жастар» саябағындағы алып түйе мүсіні. Оны жасаудың өзіне бірнеше ай тер төккен суретшінің еңбегі бүгінде көпшіліктің қызыға тамашалайтын орнына айналған.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ Жуалы ауданы.
05.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 145
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 145
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 507
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 464

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9163
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11788
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9557
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10769