ТАРАЗ. KAZINFORM - Бүгін елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық шаралар марафоны басталды.
Бөлісу:
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы
Тазалық шарасына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, ауыл қариялары мен 100-ге жуық жас қатысты.
Осылайша киелі орынның аумағы толығымен тазартылып, көшеттер отырғызылды.
Фото: «Айша бибі» кесенесінің аумағы тазартылды
Экологиялық шарада облыс әкімінің орынбасары президент бастамасымен жүзеге асып жатқан акцияның маңызы жоғары екенін атап өтіп, оған жамбылдықтар да белсене атсалысып жатқанын жеткізді.
- «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облыстың барлық аудандарында өткізілуде. Соның бірі - Жамбыл ауданындағы Айша бибі кесенесінің аумағын тазарту жұмыстары. Жалпы айтқанда, бүгінгі күні облыста 28 елдімекенде экологиялық шара ұйымдастырылды. Оған 2 мыңнан аса адам қатысуда. Осылайша бірлігі жарасқан жамбылдықтар саябақтар мен арық-атыз, аулаларды тазартуда. Қазіргі таңда аймақта 3500-ден аса тарихи-мәдени ескерткіш бар. Негізгі басымдықты сол аумақтарды тазалау, абаттандыру жұмысына беріп отырмыз,- деді Серік Сәлемов