«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫС ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ӘСКЕРИ БӨЛІМ САРБАЗДАРЫ ДА АТСАЛЫСТЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫС ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ӘСКЕРИ БӨЛІМ САРБАЗДАРЫ ДА АТСАЛЫСТЫ
Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Осындай сауапты істі жүзеге асыру, қаланы көркейту, жасыл желекке айналдыру мақсатында «Жасыл Арыс» КММ-сі қалаға кіреберістен бастап, ағаш отырғызу жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді.
Бүгінде игі іске әскери бөлім сарбаздары да атсалысуда. Атап айтқанда, қалада орналасқан №44859 әскери бөлім жауынгерлері сапқа тізіліп, жасыл желекті отырғызуға арналған 1500 шұңқыр жер дайындап, сауапты іске үлестерін қосты.
Кезекті көшет отырғызу жұмыстары секторларда жалғасты. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес қала 17 секторға бөлінген-ді. Әр секторға әкімдік бөлімдері мен аппараты сондай-ақ мемлекеттік мекемелер жауапты болып бекітілген.
Бүгінгі сенбілікте әр сектор өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында қураған шөптер шабылып, ағаш көшеттері отырғызылды.
Сенбілікте мемлекеттік қызметкерлерден бөлек әр көшеден белсенді азаматтар шығып, үйлерінің іргелес аумағын қоқыстан тазартты.
Алдағы уақытта осындай жалпықалалық сенбілік шаралары жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 217
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 160
ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 83

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14430
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16499
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15385
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20441