«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ІС-ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы Түркістан облысында жүйелі жалғасуда.
✔️Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс аумағында 7 300-ге жуық сенбілік ұйымдастырылып, 34 ауқымды іс-шараны қамтитын жоспар бекітілмек. Тазалық шарасы аясында қолға алынатын жұмыстар мен жоспарлар облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен жиында сараланып, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
✔️Облыс әкімінің бірінші орынбасары басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастау мәселесін түбегейлі шешуді міндеттеді.
📌– Бұл – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған өте маңызды шара екенін білесіздер. Өткен жылы облыс көлемінде жақсы жұмыстар атқарылды. Дегенмен, жұмыстарды күшейте түсуіміз керек. Жалпылама тапсырмалар мен жұмыстар қажет емес. Нақты іске көшіңіздер. Сауда орындарын реттеу, тазалық жұмыстарына кәсіпкерлерді жұмылдыруға да басымдық берілсін, – деді Зұлпыхар Жолдасов.
📌Жиында Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл ауыл-аймақтарды абаттандыруға аса көңіл бөлінбек. Демеушілер есебінен ауыл көшелерін жөндеу, тратуарлар салу, ойын алаңшалары мен стадиондарды ретке келтіру, орындықтарды орнату, шатырларды жөндеу, көшелерді жарықтандыру сияқты игі істер ұйымдастырылмақ. Одан бөлек, тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары күшейтіле түседі. Аудан, қала әкімдіктерінің жұмыстары 10 көрсеткіш бойынша бағаланады. Жұмысты тиісті деңгейде орындамаған басшылардың жауапкершілігі қаралады.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауына алынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
28.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: КОРЕЙСКИЕ ИНВЕСТОРЫ ВНЕДРЯТ ПЕРЕДОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В АГРОСЕКТОР
Пресс-служба акима Туркестанской области - 29.01.2025 52
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 80
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 136
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗІЛІСТЕ АСЫҚ ОЙНАЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 57
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 89
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 110

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14012
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12833
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16090
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14994
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20043