«Тазалық - денсаулық кепілі»

«Тазалық - денсаулық кепілі»

Тазалық - аудан шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. «Тазалық - денсаулық кепілі», - деген ізгі ниетті басшылыққа алған аудан әкімдігі сенбіліктерді жиі ұйымдастырып тұратыны белгілі.
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған «Киелі мекен» апталығы аудан орталығы Сарыкемер ауылында көрініс тапты. Бұл күні Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта аудан ардагерлері мен әкім аппаратының ұжымы бастаған бірқатар бөлім, мекеме қызметкерлері мен аудан жастары білек сыбана кірісіп, сенбілік жұмыстарына атсалысты. Ескерткіш қалыпқа келтіріп, саябақ іші мен аумағы қоқыстардан тазартылды. Жүзге тарта адам қатысқан шара барысында саябақтағы скверлер мен орындықтар сырланып, ағаш бұтақтары кесіліп, шөптері шабылды. Шара қатысушыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін радиоконцерт ұйымдастырылды. Саябақта өткізілген тазалық жұмыстарына облыс әкімінің орынбасары Тамабек Әбілхайыр, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, сала орынбасары Дулат Жақыпбеков, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, ішкі саясат, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, Сарыкемер ауылдық округі әкімінің аппараты, Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығы, аудандық тарихи-өлкетану музейі, редакция ұжымы мен мемлекеттік қызметшілердің "Руханият" волонтерлік қозғалысы қатысқанын айта кетейік.
Жалпы, тек акция аясында ғана емес аудан көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алып, тұрақты түрде жүруде.

17.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 77
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 73
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 78
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 52
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 29

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1300
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7344
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11209
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7398
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7551