ҮКІМЕТ АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУ ҮШІН БӘРІН ЖАСАУҒА ДАЙЫН

ҮКІМЕТ АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУ ҮШІН БӘРІН ЖАСАУҒА ДАЙЫН

Астана қаласында Парламент Мәжілісінде Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттар сауалдарына жауап берді. Осы жиында ауылда жұмыс істегісі келетін мамандарға үй алуға 7,5 млн теңге берілетіні нақтыланды. Бірақ оның өз шарты мен міндеті, талап-тілегі бар. Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттардың сауалына берген жауабында «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында ауылда тұруға және жұмыс iстеуге келген мамандарға республикалық бюджеттен үй сатып алуға ақша берілетінін айтты. «Қазіргі таңда Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Оның шеңберінде ауылдық жерлерде жеке үй салу ниетін білдірген ауыл тұрғындарына жаңа жер учаскелері бөлініп беріледі. Аталған учаскелер мемлекет есебінен сумен, электр қуатымен және газбен жабдықталады», – делінген жауапта. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық елді мекендерде өз жұмысшыларына үй салып берген жұмыс берушілерге субсидия (аумағы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50% мөлшерінде) төленеді. Бұдан басқа қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдап жатқан өңірлерде үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаты (үй құнының 50%-ы, бірақ 4 млн теңгеден аспайтын мөлшерде) беріледі. «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында ауылда тұруға және жұмыс iстеуге келген мамандарға (денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы және т.б.) республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алуға 2500 АЕК-ге дейін (аудан орталықтары үшін) және 2000 АЕК-ке дейін (ауылдық елді мекендер үшін) жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға дейін бюджеттік кредит беріледі, – деді Бектенов. Еске сала кетейік, биыл 1 АЕК 3 692 теңгеге тең. Осы отырыста Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ауылда тұратын зейнеткерлердің зейнетақысын көбейтуді ұсынды. Оның себебі де айқын. Қымбатшылық. Премьер-министр депутатқа берген ресми жауабында елімізде зейнетақы барлық азаматқа бірдей жүйемен төленетінін айтты. «Елімізде зейнетақымен қамтамасыз ету Әлеуметтік кодекске сәйкес жүзеге асырылады. Зейнетақы үш бөліктен тұрады (ынтымақты, жинақтаушы, базалық) және әрбір азаматтың еңбек өтіліне негізделген. Еңбек өтілі неғұрлым көп болса, зейнетақы мөлшері соғұрлым жоғары болады, – деді Олжас Бектенов. Яғни зейнетақы төлемдерінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге тікелей байланысты. «Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін анықтау кезінде азаматтардың тұрғылықты жері, қызмет түрі т.б. критерийлері ескерілмейді», – делінген Бектеновтің жауабында. Сөзінше, бұл ұстаным конституциялық нормалар мен халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. 2028 жылға дейін қазақстандық әйелдер 61 жаста, ер адамдар 63 жаста зейнетке шығады. Айта кетейік, республикалық бюджет 2025 жылдан бастап зейнетақыны ұлғайтуды жоспарлап отыр. Базалық зейнетақы төлемдері ұлғайтылады. Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 62 771 теңге (қазір 57 853 теңге); базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге (қазір 28 215 теңге). Бұл ретте жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін 8,5%-ға арттыру жоспарланып отыр.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
31.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 603
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 612

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8749
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8149
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11378
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9132
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10363