Биыл елімізде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ілияс ЖАНСҮГІРОВТІҢ 130 жылдығы аталып өтуде. Оның қалдырған мол мұрасы классикалық әдебиет қорына енген. Солардың бірі - “ДОМБЫРА” жыры:
“Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тәтті күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін, жел соқтыр!
Тауда тұман тұрмасын,
Көкте бұлт ыдыра!
Тыңдамаған қалмасын,
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт, домбыра!
Екі желі, үш қазық,
Тоғыз ноқта домбыра,
Ойнатайын он саусақ,
Құлындайын құлдыра.
Бозда-бозда бота күй,
Қашағанды кудыра,
Құлшына тарт, домбыра!
Еңбек елдің күйшісі-ау,
Қуларымды қиқулат,
Көңілімді қандыра,
Тәтті-тәтті күйге тарт
Көргеніңді күй қыла.
Құлшына тарт, домбыра!
Еңбек елдің жыршысы-ау,
Жанымды бір жадырат,
Көкейіме қондыра,
Тәтті-тәтті күйге тарт
Жаңа өмірді жыр қыла,
Шежіре, шешен, сұңғыла,
Құлшына тарт, домбыра!”
Кім білсін, заман өзгеріп ұлттық музыкалық аспабымыздың дәл бүгінгідей ұлықталатынын ақын жүрегі сезген де болар. Өйткені, жырдың әрбір жолында әділдікке, еңбекқорлыққа, өрлік пен ерлікке үндеу бар, домбыраға арнау арқылы қазақтың рухын көркем тілмен өрнектейді. Жаңа кезеңнің күйін құйындатып, жырын жалындатуды аманаттап, болашаққа үлкен сенім артқан.
Ондай сенімді бүгінде абыроймен атқарып келе жатқан
күйшілерді, домбырашыларды, әншілерді, қалың тыңдарманды, аспап жасаушы ұсталарды, жалпы халқымызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймыз!Астанада жақында ғана құрылған “Qazaq” тобының орындауындағы әнді сый ретінде қабылдаңыздар.