Жемқорлар ұлттық қорға да ауыз салыпты

Жемқорлар ұлттық қорға да ауыз салыпты

Ұлттық қордағы қаржы қиын-қыстау сәт туғанда және келешек ұрпақ қамы үшін деп жинақталған еді бір заманда. Оған да қол сұғылып,  бей-берекет жұмсалғаны анықталды. Сыбайлас жемқорлықтың жүрмейтін жері жоқ екеніне осы дәлел. Осыдан кейін ел экономикасы қайдан көтерілсін?! 

7 маусым күні мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады. Наталья ханым Президентке Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берді. Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылған екен. Соған талдау жасалды. Сондай-ақ, Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуы жайлы да айтылды. Президент төрайымға Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құруға тапсырма берді.

Президент қабылдауынан шыққаннан кейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова  Ұлттық қордың тұжырымдамасында жоқ бағыттарға 230 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін жасырмады.

«Мен бүгін мемлекет басшысына Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттерге жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы туралы баяндадым. Бұл ауқымды жұмыстың қорытындысы бойынша шамамен 9 млрд теңгенің қаржылық заң бұзу фактісі анықталды. 290 млрд теңгеден астам қаражаттың 20 жоба бойынша 20 нысанға Ұлттық қордың тұжырымдамасында қарастырылмаған бағыттарға 230 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Заң бұзу фактілері негізінен атқарылмаған жұмыстар мен орындалмаған қызметтерге ақы төлеумен байланысты», – дейді комитет басшысы.

Жемқорлықтың батпағына батқан әккі шенеуніктер «алынбайтын тас қамал» санайтын ұлттық қорға да ауыз салыпты. Тамыры тереңге кеткен сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою Президентке де оңайға түспейтін түрі бар.

 

Нағашыбай Қабылбек
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 178
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 173
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 683
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 803
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 717

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8873
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8268
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11496
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9252
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10479