ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАМАҒАН 25 КӘСІПКЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ЖЕТІСАЙДА ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАМАҒАН 25 КӘСІПКЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында арнайы жұмысшы топ құрылып, аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың санитарлық тазалық жұмыстарына мониторинг жүргізілуде.
Жұмысшы топ жұмысты аудан орталығы Жетісай қаласынан бастады. Әрбір нысан иесімен жүздесіп нысанға жапсарлас 5 метр аумақтың санитарлық тазалығы, көшелерді су басуы қауіпінің алдын алу мақсатында арық-атыздардың тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан таза болуы керектігін түсіндірді. Қоқыс шығарушы мекемелермен келісімшартқа тұру мәселесі көтерілді.
290 түрлі деңгейдегі кәсіпкерлік нысаны бар қалада жүргізілген мониторинг жұмыстарының алғашқы 3 күнінде 108 нысан тексеріліп, тазалыққа немқұрайлы қараған 25 кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК 505-бабына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Айта кетейік, қала, кент және барлық елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ, инфрақұрылымдарды, жасыл екпелерін жою және бүлдіру – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер аталған құқық бұзушылықтар әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанып жасалса, онда жеке тұлғаларға – 30 шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40 орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
13.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 130
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 181
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 40
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 134
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 128
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 181
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 232
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 238
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 223
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 233
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 238
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 235

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11339
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10273
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13518
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12472
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17480