ЖЕТІСАЙЛЫҚ ИМАМДАР ЭКОАКЦИЯҒА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ИМАМДАР ЭКОАКЦИЯҒА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жетісай ауданы аумағындағы қала, кент және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынуда.
Аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтау жұмыстарына жұмылдыру ісіне аудандық «Нұғман» орталық мешітінің имамдары мен мешіт жамағаты да атсалысып, мешіт маңындағы көшелерге, гүлзарлар мен автотұрақ орындарын күл-қоқыстардан, шөптерден тазартты.
–Мемлекет басшысымыздың бастамасымен бастау алған тазалық жұмыстарына қатысушы мешіт жамағатының саны да күн санап артып келеді. Бұл – тұрғындардың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы деп білеміз. Қазірде аудандағы барлық мешіттердің аумағында тазалықты сақтау мақсатында арнайы кестелер бекітіліп, санитарлық тазалық жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатырмыз, – дейді Жетісай ауданы бас имамының міндетін уақытша атқарушы Бағдат Шаймерден.
Шараны ұйымдастырушылар сенбілік жұмыстары тек орталықтардағы мешіттерде ғана емес барлық округтердегі елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатындығын айтады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
07.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

К ОТКРЫТИЮ ТУРИСТИЧЕСКОГО СЕЗОНА В ТУРКЕСТАНЕ ГОТОВЯТ 2,5 ТОННЫ НАУРЫЗ КОЖЕ
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области - 12.03.2025 77
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЕДЁТСЯ СИСТЕМНАЯ РАБОТА ПО ПРЕДОТВРАЩЕНИЮ ПАВОДКОВ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 64
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТТІК ТҮСІМДЕР МЕН КІРІСТЕР КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 12.03.2025 67
ТУРКЕСТАН: В ОРДАБАСЫ ЧЕСТВОВАЛИ МНОГОДЕТНЫЕ МАТЕРИ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 12.03.2025 37
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУШАҢДЫҒЫ ТӨМЕНДЕГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 12.03.2025 69

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1947
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2189
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17074
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15800
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19164