19 НАУРЫЗ – МӘЖІЛІС ЖӘНЕ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ КҮНІ

19 НАУРЫЗ – МӘЖІЛІС ЖӘНЕ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ КҮНІ

АЛДАҒЫ САЙЛАУ ҚАЙ САЙЛАУ?

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, бұл жолғы сайлау мүлде басқа кейіпте болмақ. Олай болса көптің көкейінде «Сайлау – 2023» не береді? Бұл науқанның ерекшелігі қандай?» деген сауалдың болуы заңдылық.

Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров — УикипедияАстана қаласындағы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысында мына жайтты мәлімдеді. Сайлаушылар тізімін құру және онымен жұмыс істеу – сайлау процесінің маңызды элементі. Өйткені азаматтар сайлаушылардың осы тізімдері негізінде сайлауға дауыс беруге қатысқан кезде өздерінің Конституциялық құқығын іске асырады. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың толық әрі сапалы тізімін жасау мәселесін сайлауға дайындық кезінде маңызды талаптардың бірі ретінде қарастырады, – деді.

Сонымен қатар Нұрлан мырза науқанның ерекшелігіне тоқталды. «Бұл науқанның ерекшелігі – өкілді органдар депутаттарының сайлауын республиканың бүкіл аумағы бойынша, сонымен бірге аумақтық сайлау округтерінің шегінде бір мезгілде өткізу. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, сайлаушылар тізімін жасау жергілікті атқарушы органдар қызметіне жатады. Сонымен қатар бұл процеске әр азаматтың қатысуы маңызды. ОСК отырысында жүйелі негізде қабылданған шаралар туралы жауапты өкілетті тұлғалардың есептері тыңдалады, – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. Еске сала кетейік, 19 наурызда елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, ҰҒА академигі Зарема Шаукенова елімізде өтетін Мәжіліс сайлауына қатысты ойын baq.kz порталына былай білдіріпті:

«Президент алдағы сайлау науқандарының кестесін көпшілікке ұсынды. Нәтижесінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум және кезектен тыс Президент сайлауы 2022 жылдың маңызды оқиғасы қатарына енді. Жаңартылған Конституция ашық ережелері бар саяси жүйеге мүлдем жаңа стандарттарды белгіледі. Аралас сайлау жүйелерінің мысалдарына Испания мен Германияны атауға болады. Олардағы пропорционалды және мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттардың саны шамамен тең. Испанияда – 42% және 58%, Германияда – 50% - 50%. Бұл тәжірибе транзиттік мемлекеттерде, мысалы, Венгрияда бейімделген. Ол жерде депутаттардың 45 пайызы бір мандатты, 55 пайызы партиялық тізім бойынша сайланғандар.

Елімізде пропорционалды және мажоритарлық жүйені теңестіру, яғни аралас жүйеге көшу қажеттігі көптен айтылып келеді. Осы жылдар ішінде жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар маңызды саяси шешімдерді қабылдауға ықпал ететін органдар иерархиясында Парламент бірінші орыннан әлдеқайда алшақ тұрғанын көрсетті. Респонденттердің пікірінше, Парламент депутаттары өздерінің негізгі функцияларын, яғни өздерін сайлаған сайлаушылардың мүдделерін қорғау міндетін нашар орындайды. Осылайша, Парламент қызметіндегі динамикаға талдау жасай отырып, Парламентті сақтап қалуға ниеттілік үдерісін аңғаруға болады. Ал алдағы сайлауда бір мандатты округтер бойынша мажоритарлық принциппен ұсынылған белсенді қоғам және саяси қайраткерлерге өзара бәсекеге түсу мүмкіндіктерінің берілуі – сайлау циклінің принципті маңызды жаңалығы. Белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар күн тәртібіне және шешім қабылдауға ықпал ете отырып, биліктің өкілді органдарында өз сайлаушыларының – халықтың алуан топтарының мүдделерін білдіру үшін сайлану мүмкіндігіне ие болады». 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
02.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 121
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 120
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 636
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 754
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 667
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 679

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8814
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8213
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11440
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9195
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10424