Ол қазақ және әлем музыкасының аңыздарына және 19 жылбұрынғы фестиваль қандай болғанын еске алуға арналды. Үшінші фестиваль күнінің басты идеясы «Ұрпақтарсабақтастығы» болды. Өйткені, бүгінде «Азия дауысы» алдына тек музыка майталмандарының буынын ғана емес, бір кездері өнер жолын осы байқаудан бастағандардыбіріктіру міндетін қойып отыр. Сондықтан, үшінші күні еңалдымен балалар флешмобын көрдік, содан кейін сахнаға«Жас қанат. Балалар» байқауының жеңімпаздары шықты. Жұлдыздарға ерекше концепция - балаларымен ән шырқауұсынылды. Мәселен, Қазақстанның халық әртісі НағимаЕсқалиева ұлы Диас Абылаевпен дуэт орындаса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениетқайраткері Роза Рымбаева сахнаға ұлдары Әли Рымбаев, Мәди Оқаповтармен трио болып шықты.
Фестивальдің үшінші күні сағынышқа толы болды. Экран арқылы көрермендерге 90-шы жылдардағы аты аңызғаайналған «Азия дауысы» сахнасында бүгінгі әртістердіңқандай болғаны туралы роликтер көрсетілді. Сондай-ақолар әйгілі «Азия дауысы» джинглының авторы, бірнешеДДД дейтін дауысты жасаған, фестивальге Германияданарнайы келген Виталий Михаэлистің естеліктері айтылды.
Ең бастысы, қатысушылар «Азия дауысы» сахнасындатұңғыш рет Александр Беляковтың жетекшілігімен Al JazzSymphony эстрадалық және симфониялық оркестрініңсүйемелдеуімен өнер көрсетті. Алматының 60 үздікмузыканты әртістер мен көрермендер үшін кеш бойыжұмыс істеп, нағыз саунд ләззат сыйлады!
Үшінші күннің хедлайнерлеры - өзбектің "Ялла" тобы мен Швециялық "Secret service" тобы болды. Айтпақшы, «Ялла» тобы – мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін фестиваль символы – күн басы бар жаратылыс бейнесіндегі қайтажаңғырған «Азия дауысының» алғашқы мүсініменмарапатталды. Оны фестивальдің бас продюсері АрманжанБайтасов таныстырды.
"Фестиваль командасы үш күн бойы керемет жоба жасапжатыр. Мен екі элементтің - «ескі мектеп» және жаңакоманданың біріктірілгеніне өте қуаныштымын жәнеұжымға рахмет айтамын. Бірінші күнді жасаған АзатӘбікенге, екінші күні Black Eyed Peas келуінұйымдастырған Сәбит Сүлейменовке және «Азия дауысы» қоғамдық қорының президенті Ирина Ковырякоғаалғысымды білдіремін", - деді, Арманжан Байтасов.
Сондай-ақ, Арманжан Байтасов фестивальдің демеушісіAllur Auto ұсынған Chevrolet Onix автокөлігін Кенже есімдіәйел ұтып алғанын және бұл да интрига болғанын айтты. Ұтыс ойыны екі рет өткізілген, алғашқы жеңімпаздар билет саны аталғанда сахнаға шықпаған. Бірақ ақыры көлік өзиесін тапты.
Фестиваль осымен аяқталды. Енді біз оның негізінқалаушылар - Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев ойлап тапқан байқау форматында өтетін келесі "Азия дауысы - 2024" фестиваліне "Қош келдің!" дейміз.
Фестиваль демеушілік пен ақпараттық қолдаудыңарқасында мүмкін болғанын еске саламыз! «Азия дауысы - 2023» фестивалінің бас серіктесі және теңұйымдастырушысы – Halyk Bank болды.
Ресми телеарна: Silk Way
Ресми газеттер: «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Алматы»
Ақпараттық қолдау: «1 канал «Евразия», «НТК», MUZZONE TV, Business FM, RadioCitу, «Деловой Казахстан», «Қала мен дала», «Новое поколение»,«Московский комсомолец», Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Kursiv.media, Nege.kz, Arbat.media, Informburo.kz, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, Weproject.media, DALA INSIDEтелеграмы, Түркітілдес журналистер қоры мен «Қазақстандық пресс-клуб».