ШЕТЕЛДІК САРАПШЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕРДІҢ ӨЗГЕРІСІНЕ БАҒА БЕРДІ

ШЕТЕЛДІК САРАПШЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕРДІҢ ӨЗГЕРІСІНЕ БАҒА БЕРДІ

Алматы қаласы қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытында дұрыс жолмен келе жатыр. Мұндай пікірді SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық сәулет және қала құрылысы форумында Gehl халықаралық компаниясының жобалар жөніндегі директоры Александр Спитцер білдірді.

Маманның айтуынша, бүгінде Алматының қалалық ортасында оң өзгерістер байқалады. Дегенмен, жаңа қоғамдық кеңістіктерді қалыптастырумен қатар, бұрыннан бар аумақтарды қайта зерделеп, оларды тұрғындардың күнделікті өміріне барынша қолайлы әрі қолжетімді ету маңызды.

«Менің ойымша, бұл бағытта қаланың әлеуеті зор. Қазірдің өзінде Алматыда оң өзгерістерді байқауға болады. Қалалық аумақтарды жаяу жүргіншілердің игілігіне қарай қайта бөлу маңызды. Қолайлы қалалық орта тек үлкен саябақтар мен алаңдардан ғана тұрмайды. Оған күнделікті пайдаланатын тротуарлар, аулалар және тұрғын үйлердің маңындағы шағын қоғамдық кеңістіктер де кіреді», – деді Александр Спитцер.

Сарапшы мысал ретінде Нью-Йорк қаласындағы Таймс-сквер алаңының жаңғыртылуын атап өтті. Онда бұрын автокөліктерге арналған аумақтың бір бөлігі жаяу жүргіншілерге берілген.

Сонымен қатар, маман Алматы үшін «15 минуттық қала» тұжырымдамасын дамытуды перспективалы бағыттардың бірі деп атады. Бұл тұжырымдама бойынша тұрғындар күнделікті қажеттіліктерін үйінен жаяу 15 минуттық қашықтықта қанағаттандыра алуы тиіс.

«Алматы үшін бұл – қол жеткізуге болатын мақсат. Қалада жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай қалыптасқан. Атап айтқанда, кең тротуарлар, аудандар арасындағы жақсы байланыс және жасыл желектердің мол болуы осы бағытты дамытуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.

Сарапшының пікірінше, алдағы уақытта қоғамдық кеңістіктерді одан әрі дамыту және оларды қалалық инфрақұрылыммен үйлестіру Алматыны тұрғындар үшін жайлы әрі қолайлы қалаға айналдыруға ықпал етеді.

25.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29866
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29422
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46647
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42214
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46996