Бір зауытта түрлі өнім өндіріледі

Бір зауытта түрлі өнім өндіріледі

Өз тұтынушыларына «Астау», «Бір асым ет» және «Жайма» макарон өнімдерімен танылған «Mark of Perfection» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі он екі жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Зауыт директоры Болат Жетпісбаевтың айтуынша, мұнда бүгінгі таңда жылына мың тонна өнім шығарылады. Оның 5 пайызы ғана Ресей мен Қырғыз мемлекеттеріне экспортталса, қалған өнім республикамыздың барлық өңіріне таратылуда.

– Кәсіпті бастау қиын. Бастаған соң соның үдесінен шығып, ұстап тұру оңай шаруа емес. Кәсіпкерге бірінші кезекте не керек? Оған керегі – мемлекеттің қолдауы. Бүгін біз сол қолдауды сезініп, екінші деңгейлі банктерден төмен пайызбен несие алып жұмыс істеудеміз. Айталық, зауытты кеңейту үшін «Центр кредит» банкінен несиені 15 пайызбен алсам, оның 7 пайызын мемлекет субсидиялап отыр. Бұл дегеніңіз кәсіпкер үшін үлкен қолдау, – деді кәсіпкер.

Зауытта екі ауысыммен 65 адам жұмыс істейді. Алда кәсіпорын екінші цехты іске қосуды жоспарлауда. Ол цехты іске қосқанда 35 адамды жұмысқа қабылдағалы отыр екен. Осылайша зауыт кәсіпорын жүктемесін арттырып, жылдық өнімді 2 мың тоннаға жеткізбек.

Жұмыстың барысымен жақынырақ таныстыру үшін зауыт директоры бізді бастап өнім шығаратын цехқа алып келді. Үлкен залдың ішінде қызу жұмыс жүріп жатыр. Жұмысшылардың бізге бұрылып қарауға мұршалары жоқ. Бір сөзбен айтқанда, әркім өз шаруасымен айналысуда. Байқағаным, мұндағы құрал-жабдықтар өзге өндіріс ошақтарындағыдай емес. Көзге көнелеу көрінді. Сөйтсек, жайма және кеспе дайындауға арналған цехқа қажетті құрал-жабдықтарды ол өз серіктестерімен бірге қолдан құрастырып, жасап шығыпты.

– Қазақ ет асқанда, етке қамыр салады. Басқа мемлекеттерде мұндай дәстүр қалыптаспаған. Сондықтан болар олар жайманың, кеспенің не үшін керек екенін түсінбей жатыр. Қазір біздің өнімге қызығушылық танытқан Ресей мен Қырғыз Республикалары ғана. Алда өнімімізді Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз. Бұл бойынша екі ел арасында келіссөздер жүргізілуде. Ал технология мәселесіне келетін болсақ, әлемде біз шығарып отырған өнімді шығаратын құрал-жабдық жасалмапты. Еш жерден таппадық. Ойға алған ісімізді жүзеге асыру үшін осы қондырғыны ойлап таптық. Бұл технологияны патенттеп те алдық. Бірақ өкінішке қарай, ешкім қызығушылық танытпады. Әзірге жұмыс істеп тұрған құрал-жабдық бізде ғана. Енді жақында екіншісін іске қосамыз, – деді зауыт директоры.

Кәсіпорын 2018 жылы өзінің «Бір асым ет», «Жайма» макарон өнімдерін патенттеп, жұмыс істеуде. Қазір мұнда жайма, салма, кеспенің ондаған түрі шығарылып, түрлі мөлшердегі арнайы қораптарға салынуда. Қораптардың сырты да ұлттық ою-өрнектермен нақышталған. Осылайша кәсіпкер отандық өнімнің жаңа брендін қалыптастыруда. Олар салмағына қарай 160 грамнан бастап, 3 килограмм аралығын құрайды. Ал өндіріске қажетті ұнды кәсіпкер Қостанай облысынан алдыруда. Үлкен астауға салынған ұн цехта құрғақ қамырға, одан жаю аппаратына жайылып түсіп, кесу кезеңінен өткен соң лента арқылы тізбектеліп келіп кептіру құралына рет-ретімен түсіп жатыр.

Жалпы цехта тәулігіне 2,5 тонна дайын өнім шығарылуда. Жаңа технологияның механизмі қарапайым. Бірақ жайма дайындаудың құпиясы да бар екен. Оны кәсіпкер өзіміздің ішкі құпиямыз деп жылы жымиды. Дейтұрғанмен, әзірге республикадағы ең сапалы, өтімді жайма осы зауыттың өнімі көрінеді.

Зауыт бір ғана макарон өнімдерімен шектеліп қалмай, басқа да өнім түрлерін шығаруды қолға алыпты. Атап айтсақ, жаймаға арнап тұздық дайындауда. Сонымен қатар қой және сиыр етін консервілеуде. Кәсіпорын директоры сөз арасында, «Бүгінге дейін етке қажетті жайманы шығарып келдік. Енді оған қажетті ет пен тұздықты бір орталыққа тоғыстырып, үшеуін бірге дайындауды ойластырдық. Тұздықты екі жылдан бері шығарудамыз. Ал консервіленген етті жаңа бастадық. Қамырға қажетті ет те, тұздық та дайын. Үшеуін қосып бір демде тамақ дайындауға болады», – деді кәсіпкер.

Мұнда мәселе де бар екен. Әңгіме барысында кәсіпкер біраз жайдың бетін ашты. Яғни, зауытқа қажетті шикізаттың біразы сырттан тасымалданады екен. Жоғарыда ұнның қайдан келетінін айттық. Ал консервіленген ет дайындау үшін де малды сырттан әкелуге тура келген. Өйткені өзімізде зауыт талабына жауап беретін ет өндірілмейтін көрінеді. Оны Түркістан мен Қарағанды облыстарынан алып отырғанын жеткізді. Енді зауыт өндіріске қажетті малды өзімізде дайындауды қолға алыпты. Ол үшін Теріс-Ащыбұлақ ауылы маңынан бордақылау алаңын салыпты.

Сондай-ақ Болат Жетпісбаев маман тапшылығын айта келіп, жоғары оқу орындарында азық-түлік өнімдерін дайындайтын технологтар факультетін ашу керектігін сөз етті. Сол үшін де халықты жұмыспен қамту орталығына қажетті мамандықтары бойынша сұраныс тастап қойыпты.

Жалпы, кәсіпкердің зауыт жұмысшыларына барлық жағдайды жасап отырғанын көрдік. Асханасы да жұмыс істеп тұр. Мұнда жұмысшылар үш мезгіл тегін тамақпен қамтылған

Марат ҚҰЛИБАЕВ Тараз қаласы.
02.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 142
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 176
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 142
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 289
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 288
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 504
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 462

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9160
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8558
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11785
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9553
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10766