Өміріңді сақтандыр, өкінбейсің!

Өміріңді сақтандыр, өкінбейсің!

 

Әдетте өзімізге жеке автокөлік алсақ алдымен сақтандыру полисін рәсімдеуге асығамыз. Сонымен қатар, басымыздағы баспанамыздан және басқа да жылжымайтын мүліктерден бір сәтте айырылып қалмас үшін сақтандырып аламыз. Тіпті, қажет болған жағдайда қорамыздағы төрт түлік малға да сақтандыру парағын ашуға дайын екеніміз жасырын емес. Сөйте тұра өзіміздің өміріміз үшін, жанымыз үшін сақтандыру жасауға асықпайтынымыз өкінішті, әрине! Ендеше, “Halyk-Life” АҚ -ның адам өмірін сақтандыру бағытындағы бағдарламалардың қарапайым халық үшін қандай пайдасы бар және ол не үшін қажет екенін жіпке тізіп айтып, жіліктеп түсіндіріп берейін. 

 

Halyk-Life” халыққа не береді?

Иә, адам баласына өмір бір-ақ рет беріледі. Өмірдің құны, денсаулықтың бағасы бәрінен деқымбат екенін естен шығармаған жөн. Сондықтан, сақтандыру шараларын адам алдымен өз өмірінен бастауы керек еді. Халық аузында жиі айтылатын “Сақтансаң, сақтайды” деген қағида да осыған саяды. Жалпы өмірді сақтандырудың екі түрі бар. Міндетті сақтандыру және ерікті сақтандыру. Міндетті сақтандыруды жұмыс беруші орындар жасайды. Яғни, қарапайым жұмыскердің қауіпсіздігі үшін жасалатын келісімшарт. Ал ерікті сақтандыру дегеніміз – сіз бен біздің күнделікті өміріміз үшін жасалатын сақтандыру шарасы. Қазақстанда өмірді сақтандыруға арналған 9 компания бар. Соның бірі және ең ірісі осы Halyk-Life” АҚ болып табылады. 

 

Берекелі “Бәйтерек” бағдарламасы

Аталған компанияның Павлодар қалалық филиалының директоры Айман Қуанышбекованың сөзінше, мұнда өмірді сақтандыруға арналған  “Бәйтерек”, “Болашақ” “Қазына” және “Bilim-Life” деген бағдарламалар бар. Соның ішінде «Бәйтерек» бағдарламасының тұтынушылар үшін тиімді тұстарыкөп. Бұл азаматтарды сақтандырып қана қоймай,қаражатты ұзақ мерзімге жинақтауға және қосымша табыс табуға мүмкіндік береді

-Қазақстан Республикасының 70 жасқа дейінгі кез-келген азаматы “Halyk-Life” АҚ-ның салымшысы бола алады. Яғни, азаматтар сақтандыру полисін өзінің қалаған уақытына ашуына мүмкіндік бар. Сақтандыру полисі уақытының ең төменгі мерзімі 5 жыл болса, ең жоғарғы мерзімі 70 жасқа дейін. Сақтандыру полисін ашқаннан кейін айына кем дегенде 10 мың теңгеден салып отыруы  керек. Мұны да салымшы өзі таңдайды. Төлемді ай сайын салуға немесе жинап қойып тоқсанына және жылына бір рет төлеуге болады. Мұны біріншіден өмірді сақтандыру деп қарасақ, екіншіден адам өзінің немесе баласының болашағы үшін жинай бастаған депозит ретінде қараған дұрыс. Бірақ, депозитпен салыстырғанда адам өміріне пайдалы көптеген артықшылықтары бар, - деп атап өтті Айман Қуанышбекова.

Иә, адам баласы кез-келген уақытта бір қиындыққа тап келуі мүмкін. Мәселен, жол көлік апатына түсіп, ауыр жарақаттанып қалды делік. Ондай жағдайда өзін сақтандырып қойғаны үшін жарақаттың күрделілігіне байланысты 1,5 млн.  теңгеге дейін өтемақы ала алады. Не болмаса ұзақ уақытқа еңбекке жарамсыз парағын аштырдыңыз. Ондай жағдайда сізді сақтандыруға алған компания үйде отырған 7-ші күннен бастап, 60-шы күнге дейін күніне 3 мың теңге төлеп отыруы міндетті болады. Яғни, еңбекке жарамсыз болып үйде отырған екі айда толығымен компанияның қарамағында боласыз. Тағы бір ерекшелігі, адам оқыс оқиға салдарынан мүгедек болып қалса дәрі-дәрмек үшін деп 1,5 млн. теңге береді. Сонымен қатар, сақтандырудың үшінші жылынан бастап, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді ай сайынғы салымдардан босатып, келісімшарттың уақыты біткенше компания өз есебінен аударады. Бұл жерде оқиғаға сол адамның кінәлі немесе кінәсіз екендігіне назар аударылмайды. Ең бастысы алкогольді ішімдіктер, есірткі секілді адамның есін ауыстыратын заттар пайдаланбаған болуы тиіс. 

Егер, адам денсаулығынан инфаркт, инсульт, бүйрек жетіспеушілігі, онкология секілді 11 түрлісозылмалы аурудың белгісі білінетін болса емделу шығыны үшін тағы 1,5 млн. теңге алады. Сондай-ақ, сақтандыру полисінің келісімшартта көрсетілген уақыты біткен жағдайда сол уақытқа дейін жинаған қаражатын ай сайынғы түсетін пайыздық сыйақысымен бірге алып, өзінің керегіне жаратады. 

Салымшы сақтандыруды 10 жылға арнап ашып, айына 30 мың теңге жинаймын деп көрсетті делік. Бұл ретте қалтаңыздан күніне небәрі 900 теңге шығады екен. Есесіне сол күннен бастап сақтандыру компаниясының қорғауына өтесіз. Сонымен айына 30 мың теңгеден сала бастасаңыз 10 жылда 3,6 млн. теңге жинаймын деген жоспар қоясыз. Осы жерде мына бір жайытқа ерекше назар аударуға тура келеді. Қазақта: “Жаман айтпай, жақсы жоқ” деген сөз бар. Әрине, ешкімнің басына тілемейміз. Дегенмен, тағдырдың жазуымен сақтандыру алғаннан кейін бір күннен соң я болмаса бір жылдан соң өмірден өтіп кетті делік. Онда марқұмның мұрагеріне жоғарыда жоспарлап қойған 3,6 млн. теңгесі түгелдей беріледі. Бұл жерде сақтандырылған адамның қанша жинап үлгергені маңызды емес. Егер, сақтандырылған адам жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болса (аурудан емес), әлгі жоспарланған 3,6 млн. теңгені екі есеге артық төлейді. Ең бастысы сақтандыру парағында мұрагерлердің есімдері жазылған болуы керек. Ал,сіз қаражатыңызды банкке дипозитке жинайтын болсаңыз, жоғарыда аталған мүмкіндіктердің бірін де пайдалана алмайсыз. Мұрагеріңіз сіздің жинаймын деп жоспарлаған сомаңызды емес, жинап үлгерген ақшаңызды ғана алады. 

Бұл сіздің жеке әмияныңыз! 

Иә солай. ҚР салық кодексінің 341 бабына сәйкес салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, сіздің сақтандыру қорыңызда қанша ақша барын ешкім тексере алмайды. Ол азаматтардың жеке мүлік декларациясына, мүлікті бөлуге және тәркілеуге жатпайды. Сол секілді сақтандыру әмияныңызға ешқандай алаяқ шабуыл жасай алмайды.  Тіпті жеке брокерлерді айтпағанда, құзырлы органдардың өзі (сот, прокуратура) есепшотыңызды бұғаттай алмайды. Сонымен қатар, сақтандыру арқылы өз есепшотыңызға жинаған қаражаттан салық салмайсыз. Тағы бір жақсы тұсы, салымшы тұрақты жұмыс орнына сақтандыру полисін көрсетіп, өтініш жазған жағдайда жинаған салымнан 10 пайыз кіріс салығын қайтарады.

Сақтандыруға қандай адам жатпайды? 

Сақтандыру компаниясы қаржылық пирамидасы секілді ақшасын әкелген адамның барлығын қабылдай бермейді. Сақтандыру полисін ала алмайтын азаматтар да бар. Біріншісі 65 жасқа толған, екінші мүгедектігі бар адамдар, үшінші қант диабеті, вич-инфекциясы бар және онкология мен ауыратын адамдар компанияның салымшысы бола алмайды.

 

Халық неге құлықсыз? 

Бүгінде Қазақстан халқының ерікті сақтандыру арқылы жеке өмірін сақтандыруға қоюға қызығушылықтары төмен. Мұның бірнеше себебі бар. Ең біріншіден мұның күнделікті жейтін нан мен киетін киім секілді қажеттілігі туындап тұрған жоқ. Екіншіден, бұл міндетті емес, ерікті сақтандыру болғандықтан адамдар өз еркімен қолға ала қоймайды. Үшіншіден, халықтың қаржылық сауаттылығы әлі толық нығаймай тұр. Яғни, қолда бар қаражатты тиімді жұмсауды толық меңгере қойған жоқ.  Төртіншіден, өзіміздің немесе бала-шағамыздың ертеңгі күніне көп бас қатыра қоймайды екенбіз. Көп жағдайда көз алдымызды ғана ойлаймыз. Яғни, күнделікті тапқан табысымызды тамақ пен киімге жұмсаймыз. Ал одан асқанына той-томалақ жасап,  жылтыратып көлік алып мінгіміз келеді. Әрине, кез-келген қазақстандықтың жаңа көлік мініп, жайлы өмір сүруіне тілектеспіз. Тек табысыңыздың белгілі бір бөлігін ертеңгі күніңіз үшін іркіп отырсаңыз кейін оның жемісін өзіңіз не болмаса ұрпағыңыз көреді. 

-Жалпы, азаматтардың сақтандыру жүйелерін кеңінен пайдалану халық үшін де, мемлекет үшін де тиімді. Себебі жұмыс барысында жарақат алып, денсаулығыңызды жоғалттыңыз. Сонда да мемлекетке масыл болмайсыз, әкімдік маған қарамады деп ешкімге шағым жасамайсыз. Жағдайыңызды дұрыстап алғанша сақтандыру компаниясының өзіңізге арналған мүмкіндіктерін пайдалана бересіз. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға бағытталған және мемлекеттің қолдауымен құрылған өте тиімді жоба, - дейді Айман Қуанышбекова.

 

Шетелде кең таралған тәжірибе 

Көптеген дамыған елдерде адамдар өзінің өмірін сақтандырмай алыс сапарға шықпайды. Бұл адам баласының өз өзін құрметтеудің, өз өмірін лайықты деңгейде бағалаудың жоғары мәдениеті. Иә, адам өмірі ең құнды актив. Бұл алдымен өзіңіз үшін қажет. Кейбір мемлекетте сақтандыру полисі жоқ адам жұмысқа қабылданбайды екен. Яғни, өз өмірін сақтандырмаған адам сенімсіз һәм жауапсыз адам болып саналады. Шынымен өзінің өміріне жауапкершілікпен қарамаған адам басқа шаруаға да салғырттықпен қарауы мүмкін ғой. Тіпті, пәтерді де жалдай алмайды. 

 

Міндетті сақтандырудың пайдасы қандай?

Халыққа жұмыс беріп отырған кез-келген мекеме сақтандыру компанияларымен өзінің жұмыскері үшін міндетті сақтандыру келісімшартын жасауы міндетті. Бұл әрбір отбасы үшін өте маңыздыМысалы, үйдің отағасы жұмыс барысында денсаулығына зиян келсе, я болмаса өмірден өтіп кетсе компания төлемдер жасайды. Ал балалары  кәмелеттік жасқа толғанша жәрдемақы тағайындаладыМысалы кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар отбасының отағасы дүниеден өтті делік. Егер, марқұм болған адам көзінің тірісінде міндетті  сақтандыру жасалған жағдайда сақтандыру компаниясы оның  балалары кәмелеттік жасқа толғанша қамқорлығына алады. Мұның төлеу тәртібі былай: отағасының айлығы 150 мың теңге дейтін болсақ, қайтыс болған күннен бастап соңында қалған балаларына осы соманың үштен бір бөлігі теңдей бөлініп тоқтайды.  Яғни, балалар 18 жасқа толғанша алып отырады деген сөз. Егер, балалары 18 жасқа толып, оқуға түскен жағдайда оқуын бітіргенше төлемақы жалғасады. 

Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы
31.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 199
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 31
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 214
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 231
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 202
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 197
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 221
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 210
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10495
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9475
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12711
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11681
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16693