Бүгінгі айтыс – белі бүгілген, жігері үгілген айтыс

Бүгінгі айтыс – белі бүгілген, жігері үгілген  айтыс

Көптен бері айтыс көрмей жүр едім (Себебі кей ақындардың сөзі мен ісі қабыспайтынын жиі көргендіктен), әлеуметтік желіде Ринат пен Біржан қырғын айтыс жасапты дегесін жақсыны көрмекке деп қарап шықтым. Ринаттың «шындығы» – жау кеткесін қылышты боққа шабу ғана. Оның «жанайқайы» дүние үшін жанталас секілді көрінді маған. 

Ол айтқан шындық Назарбаевтың көзі тірісінде ақындардың жырымен талай рет айтылған. Сондықтан  мен таң қалмадым. Жерден жеті қоян тапқандай шулаған адамдардың қиқуына, айқайына түсінбедім.  Бұл не шу? Бұл не дарақылық!

   «Халық деген – сәби. Тәтті беріп алдарқату да, оны тартып алып жылату да оп-оңай» деген афоризм тіл ұшына келе қалды сол сәтте. Тілде сүйек жоқ деген осы-ау, ә? (Әлде айтыскерлерден жұқты ма?). Дереу тұра қалып соткаға жазып алдым.

Түк көрмегендей даурыққан, өмірлерінде ащы сын естімегендей дүрліккен ағайын ұмытып қалса, естеріне салайыншы, баяғыда ақын Айбек Қалиев Қазыбек бидің жоңғар қоңтайшысына айтқанынан айнымайтын дат айтқан Назарбаевқа. Сонда халық шу еткен. Айқайлау аз, отыра қалып жер тепкен.  

  Одан кейін  Бауыржан Халиолла деген ақын Бұқар жырау кейпіне еніп  «Нұрсұлтан, сенен не пайда?»  деп елдің «айызын» қандырған. Айызын қандырғаны аз, естен тандырған.  Екеуі де «отты сөздерін» үй арасында емес, жұрт қаумалаған үлкен залда айтқан. Бұл менің жадымда сақталғандары. 

Айтыскер ақындар, обалы нешік, шындықты шыңғырып та, шыжғырып та, астарлап та айтып жүр әлі күнге. Отыз жыл бойы айтып та келді. Халық шулап өре түрегелгенімен,  оны жырына қыстырған кім бар? Ешкім де! Енді «Құлан құдыққа құлағанда құрбақа болып құлағында ойнау», меніңше, ерлік емес.  Ринаттың жеке басында шаруам жоқ, алайда Қосановты бұрынғы президентпен салыстыра отырып «ақтап алуға» тырысқаны, өзінің қателігін жуып-шаю емес пе!

Айтыс әбден шоуға айналып кетті ғой. Сахнаға шығып өлеңін оқыған жазба ақыннан  не айырмасы қалды қазір? Ақындар қарадүрсін қара сөзді әуелетіп соға береді.  Бір-бірінен айыру қиын. Инкубатордың балапаны секілді үндері шиқ-шиқ еткен.

 Айтыстан әуезділік пен әуен,  мақам мен сазды иірім жоғалды. 

Кешегі Шорабек пен Қонысбайдың дара дауыстары,   Әселхан мен Жадыраның сазды әуені арман бүгін...

Сөз соңында айтарым, маған Біржанның айтысы ұнады.  Жүйелі сөзі ұнады. Өткенге топырақ шашпауға тырысқаны ұнады.  

Көз құртына айналған машинаны Біржан мініп кетсе де, тақымына тарлық етпес еді... Әттең!.. Екеуі де  атақ-даңқы шыққан ақындар. Атақ демекші, Жүмекен ақын: 

Атақ деген немене?

Ақ жорға ма деп қалам,

әр тақымда бір шауып, бір қазыққа тоқтаған.

Мен де мінем демеші, дұрыс болса топшылау:

кісі мінер онда енді бүтін арқа жоқ шығар, – дегені осындайда ойға оралады.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК, ҚР Ақпарат саласының үздігі
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 85
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 605
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 722
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 634
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 644

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8783
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8182
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11411
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9165
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10396