«Бурабай» ұлттық паркінде мультимедиялық интерактивті кешен ашылды

«Бурабай» ұлттық паркінде мультимедиялық интерактивті кешен ашылды

Қазақстанның мәдени мұрасын дамытудағы маңызды қадам: «Бурабай» ұлттық паркінде мультимедиялық интерактивті кешен ашылды

 

Бүгін «Бурабай» ұлттық паркінде Қазақстандағы ең жоғары технологиялық интерактивті мұражайлардың бірі, Абылай хан алаңында орналасқан мультимедиялық интерактивті кешеннің салтанатты ашылуы өтті.

 

Кешен мәдени-көрмеде үйлесімді орын тауып, Қазақстанның мәдени, рухани және тарихи мұрасын дамытуға ықпал етеді.

 

Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Рустам Баялиев және т.б. қатысты. 

 

 «Бурабайдың тұмса табиғатын, тарихи-мәдени байлығын көпшілікке таныту – өте өзекті. Бүгінгі заманауи инновациялық кешеннің ашылуы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін. Мұнда жастар өңірді ғылыми-шығармашылық тұрғыдан терең зерделеп, рухани кемелденіп, мол тағылым алады деп сенемін», – деді Аида Балаева. Сонымен қатар мұндай кешендер тек тарихи тұрғыдан ғана емес, қоғамдық сананы жаңғыртуға ықпал ететін озық институт құруда маңызды екенін атап өтті.

 

Кешен 2021 жылы іске қосылды, 3 жылдан кейін оның тұжырымдамасы қайта қаралып, соңғы анимациялық және аудиовизуалды технологияларды қолдана отырып жаңартылды. 

 

«Мультимедиялық интерактивті кешен — жай ғана музей емес, бұл жерде инновация мен дәстүр ортақ үйлесім тапқан. Кешеннің Абылай хан алаңында орналасқаны – ерекше оқиға. Бұл жер еліміздің киелі орындарының тізіміне кіреді және Бурабай курортының ең басты көз тартар орны.  Мультимедиялық орталық демалыс пен ойын-сауық орны ғана емес, сонымен қатар мәдени пікір алмасу орталығы болатынына сенемін»,– деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

 

Кешен Ұлы Дала мұрасы, Қазақстанға саяхат, Самұрық құсының ұшуы, Батырлар даласы, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала тарихы, Қазақтың тарихи тұлғалары, Уақыт дәлізі, Абылай хан батасы деп аталатын тоғыз тақырыптық аймаққа бөлінген. Бұл әрбір келушіге қазақ мәдениетін сезінуге және ел тарихымен танысуға мүмкіндік береді.

 

Айта кетейік, жыл сайын Қазақстандағы визит-орталықтарға мыңдаған адам келеді. Іле-Алатау ұлттық саябағындағы Түргенсай және Шарын шатқалы сияқты ең танымал жерлерді жылына 300 000 адам көреді. Бұл сандар аталған мекендердің ерешелігін ғана емес, елдің бай мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға ықпал ететін инфрақұрылымды дамытуға, қолдауға бағытталған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

 

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 67
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 121
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 29
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 70
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 68
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 121
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 154
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 156
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 146
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 153
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 159
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 153

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11282
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10217
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13463
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12417
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17425