«Ел ұйытқысы – ене мен келін»

«Ел ұйытқысы – ене мен келін»

Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде «Ел ұйытқысы – ене мен келін» атты тақырыппен отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Қалалық ішкі саясат бөлімі мен орталық мешіт бірлесіп өткізген іс-шараның мақсаты отбасы құндылығын насихаттап, жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру болды. Үміткерлер бес кезең бойынша сынға түсті. Олар өздерін таныстырғаннан кейін әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, ертегі, бесік жырын айтудан жарысты. Сонымен қатар, қатысушылар шаңырақтың шайқалмауындағы ененің алатын орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі келіндердің рөлін, ене мен келін арасындағы жарасымды сыйластықты көрсете білді. Нәтижесінде бас жүлдеге Кульдеевтер әулетінен келген Аршын апа және оның келіні Ару лайық деп танылды. Истыбаевтар әулетінің атынан келген Айгүл апа мен оның келіні Зейнеп І орынды иеленді. ІІ орын Туребаевтар әулетінің атынан келген Айжан апа мен оның келіні Ғазизаға, ІІІ орын Омарқожа әулетінен келген Шолпан апа мен келіні Әлияға бұйырды. Шара барысында мешіт жанынан «Домалақ әжелер мектебі» және «Ханшайым» қыз-келіншектер мектебі құрылып, лентасы қиылды. Қазақ халқы әу бастан қыз баласын аса қадірлеп, ардақты аналарды құрметтеген. Қарындасты қорғап, аруларды аялаған. Қазақылықтың қаймағы сақталған Түркістан өңірінде де нәзікжандылардың құқығын қорғау, оларды жан-жақты қолдау бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Облыс театрларында қойылған «Бөрте», «Домалақ ана», «Фариза» спектакльдері мен ене мен келін арасындағы сыйластықты арттыруға арналған тәрбиелік мәні зор іс-шаралар соның дәлелі. Мұның бәрін де аналарға, аруларға деген құрмет деп білуге болады. Түркістан – халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көпбалалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында. Жыл сайын республикамызда дүниеге келетін 400 мыңнан астам баланың әрбір жетіншісі Түркістан облысының еншісінде. Бүгінде өңірде 179 мың көпбалалы ана тұрады. 2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық «Алтын алқа» иегерлері саналы ұрпақ өсіруде. 44 мыңға жуық «Күміс алқа», 4 мың «Ана даңқы» орденінің иегерлері бар. Ардақты аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 66
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 120
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 29
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 69
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 67
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 120
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 153
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 155
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 145
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 152
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 158
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 152

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11280
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10216
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13462
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12416
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17424